ТМД ЕЛДЕРІНІҢ БАС ПРОКУРОРЛАРЫ ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНДА

22 қыркүйекте Елбасы кітапханасының музейіне ТМД мемлекеттері бас прокурорлары үйлестіру кеңесінің отырыс қатысушылары келді.

Үйлестіру кеңесі хатшысының міндетін атқарушы, ТМД атқару комитетінің қауіпсіздік және сын-қатерлерге қарсы күрес саласындағы ынтымақтастық департаментінің кеңесшісі Игорь Малашевич, Армения бас прокуроры Артур Давтян, Беларусь бас прокуроры Андрей Швед, Молдова бас прокуроры Александр Стояногло бастаған делегацияларға экскурсия жүргізілді.

Қонақтар Елбасының қызмет жолы арқылы мемлекет тәуелсіздігі тарихының басты белестерін тамашалады.

ТМД мемлекеттері бас прокурорлары үйлестіру кеңесінің отырысына қатысқан азаматтар музей кеңістігін ұйымдастырудағы ерекше талғамды белгілеп, классикалық көрме шешімдері мен заманауи интерактивті технологиялардың үндестідігін атап өтті. Экскурсияшылар бірқатар маңызды Елбасы бастамаларының маңыздылығын атап, Тұңғыш Президентіміз Н.Ә. Назарбаев мұрасының халықаралық қауымдастықта таратуға лайық екенін белгіледі.