Қазақстан Республикасының Ұлттық валюта күні қарсаңында Елбасы кітапханасында Нұр-Сұлтан қаласының гуманитарлық колледжінің студенттеріне «Теңге – тәуелсіздігіміздің нышаны» тақырыбында дәріс өтті.
Дәрісті Баспа және редакциялау қызметінің жетекші сарапшысы, PhD докторы Лилия Флерко өткізді.
2020 жылғы аса маңызды мерейтойлық оқиғаларға байланысты Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әртүрлі тақырыптағы коллекциялық монеталарды шығарды. Олардың ішінде: «Жеңіске 75 жыл» (1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына), «Abai. 175 jil» (Абайдың 175 жылдығына), «Qazaqstan Konstitysiasyna 25 jyl» (Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығына), «Qazaqstan halqy assambleiasy» (Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына) арналған коллекциялық монеталар бар.
Дәріс тыңдаушылары тәуелсіз Қазақстанның ұлттық валютасы – теңге әзірленіп, енгізілген күнге дейін Ұлы дала аумағында ақша айналымының және ақша белгілерінің пайда болу тарихына терең бойлады.
«Теңге туралы сөзде» Дүкенбай Досжан «теңге» сөзі – түріктің түрі өзгертілген «танга» немесе «данга» екенін айтады. Кейбір тарихшылар «данга» сөзі «даңғыр» етістігінен шыққан деп санайды. Ежелгі уақытта базар саудагерлері барлық ақшаларын (бұрын темір және мыс монеталар болған) шелекте тасыған. Олар домалап, сылдырлайтын. Осылайша, сылдырлау, шылдырлау мағынасын білдіретін «даңғыр» етістігінен – «данга» сөзі шыққан.
Тәуелсіз мемлекеттің өз валютасы болуы керек. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев мұны о бастан айқын елестеткен: «Теңгенің 1993 жылғы қарашада енгізілуі біздің жас тәуелсіз республикамыздың шежіресіндегі аса маңызды оқиғалардың бірі болды. Ел тарихында теңге – ұлттық валюта ретінде тәуелсіздігіміздің экономикалық негізі ретінде ғана емес, сондай-ақ еліміздің салмақты бөлігі, заманымыздың құбылысы болды».
13 қарашада Қазтұтынуодағы жоғары сауда-экономикалық колледжінің студенттері, ал 17 қарашада елордалық №87 мектеп-гимназиясының оқушылары «Теңге – тәуелсіздігіміздің нышаны» дәрісін тыңдайтын болады.



