Тәуелсіздік күніне орай Елбасы кітапханасы Нұр-Сұлтан қаласындағы №78 мектеп-гимназиясының оқушыларына «Теңге – ел тәуелсіздігінің нышаны» тақырыбында онлайн-сабақ өткізді.
Ел тәуелсіздігі мен ұлттық валюта – ажырамас ұғымдар. Егеменді елдің жастарының бойында азаматтық пен патриотизмді қалыптастыру, әлемдік және отандық мәдениет құндылықтарын сіңіру өзекті.
Кітапхананың Ғылыми-білім беру бағдарламасын жүзеге асыру аясында өткізілген сабақты Әлеуметтік-ағартушылық және білім беру жобалары қызметінің ғылыми қызметкері Гүлмира Атабаева жүргізді.
Онлайн сабақ барысында Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 12 қарашадағы «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы» Жарлығы, 1993 жылғы 2 маусымдағы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев Ұлттық банктің құнды қағаздарын, акцияларының бланкісін мен чектерін шығаруға арналған арнайы бөлімнің ашылу салтанаты, 1995 жылғы 26 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев пен «Thomas De La Rue» компаниясының президенті Дж. Маршалл Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасының салтанатты ашылу рәсімі сынды Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың төл теңгеге көшу шаралары кешенін жүргізудегі тарихи рөлі айшықталды. Сонымен қатар оқушыларға ұлттық валютаның енгізілу тарихы, теңге дизайнының көркемдік ерекшеліктері мен қорғаныс белгілері және отандық ақша жасау кәсібінің қыр-сыры Елбасы кітапханасы қорының тарихи фотосуреттері мен дәстүрлі құжаттары музейлік жәдігерлер арқылы таныстырылды.
