ТЕҢГЕ – ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ НЫШАНЫ

Дәл осы сәттен бастап шын мәнінде тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің қалыптасуы мен дамуындағы жаңа санағы бойынша бетбұрыс кезеңі басталады. Мұндай оқиғалар әр елдің тарихында тек бір рет болады. Біз үшін мұның бұрын-соңды болмаған экономикалық ғана емес, сонымен бірге саяси маңызы зор.

 

Н.Ә. Назарбаев,

Алматы қ., 1993 жылғы 12 қараша

 

1991 жылы Қазақстан жедел қарқынмен ұлты мен діни сеніміне қарамастан адам құқықтарына негізделген экономиканы, ішкі және сыртқы саясатты, сондай-ақ сот-құқықтық жүйені реттейтін билік институттарының жаңа қағидаттарымен мемлекет құру жөніндегі жұмысты жүргізе бастады.

Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін посткеңестік кеңістіктегі жаңадан құрылған республикаларда дағдарыс пен нарықтық экономика жағдайында экономикалық операцияларды жүргізудің өзіндік валютасы мен заңды негізі болмады. Осылайша, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 1993 жылғы 12 қарашадағы «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы» Жарлығы  мемлекеттілікті қалыптастыру үшін де, сондай-ақ Қазақстанның бүкіл халқының тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін де тарихи шешімге айналды.

1991 жылы арнайы дизайнерлер тобы бекітіліп, құрамына Меңдібай Алин, Досбол Қасымов, Ағымсалы Дүзелханов, Тимур Сүлейменов және Хайрулла Әбжәлелов кірді. Қаржы саласының мамандарымен бірге олар Қазақстанның ұлттық валютасын құру бойынша жұмысты бастады. Қызу пікірталас барысында ақша валютасына арналған әртүрлі атаулар ұсынылды, олардың ішінде «алтын», «сом» және тағы басқалары болды, бірақ соңында «теңге» нұсқасы мақұлданды. Бұл байырғы түріктің сөзі, бұдан орыстың «ақша» деген сөзі пайда болған.

Валюта бірліктерінің атауы, дизайны мен мөлшері бекітілгеннен кейін көптен күткен купюрасын басып шығару мәселесі туындады. Сол кезде Қазақстанның жеке банкнот фабрикасы болмағандықтан, ақша қаражатын басып шығару қызметтерін ұсыну бойынша нарықты мұқият зерделеу барысында Ұлыбританияда «Harrison and sons limited» компаниясы таңдалды. Барлық жұмыстар ақша айналымымен байланысты ақпараттың таралуына және кейінгі алып-сатарлыққа жол бермеу мақсатында қатаң құпия түрінде жүргізілді. Купюралардың алғашқы партиялары Ұлыбританиядан Қазақстанға тікелей рейстермен «Ил-76» ұшағымен жеткізілді.

1993 жылғы 12 қарашада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев өзінің ресми үндеуінде  Қазақстан халқына ұлттық валюта үлгілерін таныстырды және «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы» Жарлыққа қол қойды.

1993 жылдың 15 қарашасынан бастап Қазақстан ресми түрде өзінің «теңге» валютасын пайдалана бастады.

1993 жылы «ҚРҰБ I сериялы» алғашқы үлгідегі банкноттар номиналдары 1 теңге, 3 теңге, 5 теңге, 10 теңге, 20 теңге, 50 теңге және 100 теңге болып басылып шықты. Теңгенің қасбеттеріне: ғалым әл-Фараби, ақын Сүйінбай Аронұлы, күйші Құрманғазы, ғалым Шоқан Уәлиханов, философ және ойшыл Абай, Әбілхайыр және Абылай хандардай тарихи тұлғалардың бейнесі басылған.

Валюта-монета саласындағы қауіпсіздік жүйесін жаңғыртумен бірге, банкноттарды қорғаудың жаңа элементтерін қолдана отырып, жоғары сапалы «ҚРҰБ II» сериялы банкноттарды енгізу уақыты жетті. 1993 жылдан 2003 жылға дейінгі үлгідегі банкноттардың екінші сериясында номиналы 200, 500, 1000, 2000, 5000 және 10000 теңгелік купюраларда әл-Фарабидің бейнесі пайдаланылды. 2006 жылғы «ҚРҰБ III» үшінші сериясы Нұр-Сұлтан қаласының орталығында орналасқан және жас әрі мықты мемлекеттің символы болып табылатын «Бәйтерек» монументі бейнеленген. Купюралардың бет жағында Бәйтерек, Елбасының ашық алақаны, мемлекеттік әнұран ноталарының үзінділері, Қазақстанның туы мен елтаңбасы, сондай-ақ қола дәуірінің жартастағы суреті бейнеленген. Номиналға байланысты купюралар бір-бірінен түрлі-түсті гамма мен өлшемдер арқылы ерекшеленеді. Бүгінгі таңда ең өзектісі «Қазақ Елі» монументі бейнеленген «ҚРҰБ IV» сериялы банкноттар. Оның алдыңғы жағында ұшатын көгершіндер, Қазақстанның елтаңбасы мен туы және сыртқы жағында маңызды стратегиялық және мәдени объектілері бар Қазақстанның картасы бейнеленген.

Атаулы күндерге орайластырылған мерейтойлық банкноттардың орны ерекше.  Олардың ішінде 2010 жылы енгізілген, ұлттық ою-өрнектері бар, номиналы 1000 теңгелік банкноттар, беткі жағында «Бәйтерек» монументі және сыртқы жағында Қазақстан Президентінің «Ақ Орда» резиденциясы бейнеленген; 2011 жылы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің күмбезі бейнеленген купюралар шығарылды; 2013 жылы – сарғыш-қоңыр түсті гаммадағы банкноттың беткі жағында «Қазақ Елі» монументі, «Күлтегін» мүсінінің бөлігі, түркі жауынгерлерінің жартастағы бейнелері, олардың сырт жағында түркі жазбасы ескерткішінің фрагментері бар.

2011 жылы Қазақстанда VII Қысқы Азия ойындары өтті, оның құрметіне жасыл гаммадағы номиналы 2000 теңгелік банкнот шығарылды. Оның беткі жағында «Бәйтерек» монументі, мемлекеттік ту, елтаңба, әнұранның ноталары бар және Елбасының алақаны, жартасқа салынған суреттер бейнеленсе, сыртқы жағында – VII Қысқы Азия ойындарының логотипі бар Қазақстанның қарлы тауларының фонындағы шаңғышы бейнеленген.

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 10 жылдығына орай, 2001 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Шығыс философы әл-Фарабидің портреті бейнелеген «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 10» деген сөздер жазылған номиналы 5000 теңгелік банкнотты шығарды, сыртқы бетіне Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің фрагменті пайдаланылды.

Номиналы 5000 теңгелік тағы бір естелік банкнот 2008 жылы енгізілді, оның беткі жағында «Бәйтерек» монументі, мемлекеттік әнұранның ноталары, Қазақстанның туы мен елтаңбасы, Н.Ә. Назарбаевтың алақаны бейнеленсе, сыртқы жағында тәуелсіздік монументімен бірлескен жартастағы суреттер және Алматыдағы «Қазақстан» қонақ үйімен бірге таулар көрініс тапқан Қазақстан картасының сұлбасы бейнеленген.

2011 жылы Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай – 10 000 теңгелік күлгін-көк реңктегі банкнот шықты. Оның бет жағында  «Қазақ Елі» монументі, ұшатын көгершіндер, мемлекеттік елтаңба және Қазақстан туы бейнеленсе, сырт жағында Нұр-Сұлтандағы «Ақ Орда» резиденциясы, Қазақстан картасының сұлбасы және тәуелсіздіктің 20 жылдығын мерекелеудің жазбасы мен логотипі бар.

2016 жылы 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне орай, бет жағында «Қазақ Елі» монументі, Есік қорғанындағы «Алтын адам» бас киімі, Іле Алатауы тауларының фрагменті және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың портреті, «Бәйтерек» монументі бейнеленген номиналы 10 000 теңгелік түпнұсқа банкнот енгізілді.

Бет жағында «Қазақ Елі» монументі, ұшып бара жатқан көгершіндер, салтанат қақпасы, мемлекеттік елтаңба және Қазақстан туы, «Ақ Орда» резиденциясы, Парламент және Үкімет ғимараты, Қазақстан картасының сұлбасы бейнеленген және теңгенің 20 жылдық логотипі мен жазбасы бар номиналы 20000 теңгелік күлгін-сұр реңктегі алғашқы банкнот 2013 жылы шықты. Бірақ 2015 жылғы 1 желтоқсанда пайдалануға енгізілді. Жоғарыда аталған банкноттардың 2001 жылғы әл-Фарабидің портреті бар бес мыңдық банкноттан басқасы айналымда.

Бүгінде  Қазақстанның ұлттық валютасы ұлттық әнұранмен, елтаңбамен және мемлекеттік тумен қатар Қазақстан тәуелсіздігінің айнымас атрибутына айналып, елдің экономикалық және саяси тәуелсіздігін сақтауда өзінің маңызды рөлін берік нығайтты.