ТАРИХТЫҢ АЛҒАШҚЫ САБАҚТАРЫ

6 қарашада Елбасы кітапханасының Ғылыми-білім беру бағдарламасы мен «Жәдігерлер сөйлейді...» жобасын жүзеге асыру мақсатында №78 «Асыл» балабақшасының тәрбиеленушілеріне «Менің шежірем – ел шежіресінің бөлігі» музей сабағы өткізілді. Онлайн форматтағы сабақты Әлеуметтік-ағартушылық және білім беру жобалары қызметінің ғылыми қызметкері Қаламқас Өзенбаева жүргізді.

Ойын түрінде өткен сабақ барысында балалар «Б» әрпімен танысып, шежіре және батырлар институты туралы мол мәлімет алды. Дәріскер қазақтың батырлары мен олардың бес қаруы, тәуелсіз Қазақстанның Қарулы Күштерінің құрылу тарихы, Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың әскери елдің қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі рөлі және оның арғы атасы Қарасай батыр туралы тарқатып айтты.

Балалар сабаққа белсенді қатысып, сұрақтар қойып, өз ойларын ортаға салды.  Жас өрендер пазл жинау мен сурет талдауды үйреніп, зейін мен логиканы, саусақтардың ұсақ моторикасын дамыта түсті.

– Балалармен патриотизм және Отанға деген сүйіспеншілік тақырыбында әңгімелесу өте қызықты. Олар өздерінің шежіресін зерттеуге қызығушылық танытты. Мұғалім ретінде де, ата-ана ретінде де мен мұндай сабақтар үшін қуанам, өйткені күнделікті өмірде біз шежіре туралы көп айта бермейміз. Бүлдіршіндердің ата-аналары Елбасы кітапханасы ұйымдастырған онлайн-сабақ үшін алғыстарын білдірді. Кітапхана ұжымының жұмысына табыс тілейміз. Осындай танымдық іс-шаралардың саны артады деп үміттенеміз, – деді балабақшаның әдіскері Әсем Түкбаева.