«Сүйемін сені, Астана» балалар шығармашылығының фестивалі

2014 ж., 30 маусым күні ҚР Тұңғыш Президентінің Музейінде «Балалық шақтан көзқарас» жобасы аясында «Сүйемін сені, Астана» балалар шығармашылығының фестивалі және «Мен осы жерде өмір сүремін» атты халықаралық байқаудың қорытындысы бойынша «Сүйемін сені, туған өлкем!» атты әлеуметтік маңызы бар плакаттар көрмесінің ашылу рәсімі өтті. Балалар көркемсурет мектебі – ЮНЕСКО клубы, Новосібір қаласының «Солярис» балалар-жасөспірімдер қоғамдық ұйымы, Ресей мәдениет қорының Новосібір филиалы, Новосібір мәдениет қорларымен бірлесіп ұйымдастырылған бұл іс-шаралар, Қала күні және Балаларды қорғау күніне арналған. Дәстүрлі түрде Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында өткізілетін балалар шығармашылығының фестивалі, кезекті рет қатысушылар мен келушілерді қызықты шығармашылық үдеріспен қуантып, соңында байқауға қатысушылардың ең үздік жұмыстарының авторларын марапаттау рәсімі өтті. 
      «Сүйемін сені, туған өлкем!» көрмесінде 2004 жылдан 2013 жылдар аралығында Новосібір қ. өткізілген жыл сайынғы қалалық байқаудың ең үздік 110 жұмысы ұсынылды. Бұл көрменің ерекшелігі барлық халықтар мен Жер шары адамзаты үшін жарқын болашақты жақындатуға мүмкіндік беретін барлық күштер бірігуінің халықаралық символы Бейбітшілік және Мәдениет туының желеуімен өтуінде .