СОЛТҮСТІК МАКЕДОНИЯ СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ БАСШЫСЫ ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНА КЕЛДІ

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасын елімізге ресми сапармен келген Солтүстік Македонияның Сыртқы істер министрі Буяр Османи тамашалады.

 

 

 

Б.Османи Тұңғыш Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың өмір жолы мен саяси қызметінен, тәуелсіз Қазақстанның құрылу тарихынан сыр шертетін Елбасы кітапханасы музейінің экспозицияларымен танысты. Мейман көпшілік назарына ұсылған материалдардың мазмұнын жоғары бағалап, ақпаратты ұсынудың заманға сай интерактивтілігін атап өтті.