СЕМИНАР-ТРЕНИНГТЕР ЦИКЛІ ЖАЛҒАСУДА

15-16 ақпан және 1-2 наурыз күндері Астана қаласы, Ақмола және Алматы облыстары, сондай-ақ Абай облысы мектептерінің оқушыларына онлайн форматта «Жаңа Қазақстан: әділетті қоғам» семинар-тренингтері өткізілді.

Ақпан айынан бастап Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің кітапханасында жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша еліміздің барлық өңірлеріндегі студенттер мен жоғары сынып оқушыларына арналған екі күндік семинар-тренингтер өтуде. 

Қатысушылар «Әділеттілік: концептуалды принциптер», «Қазақстандық қоғамның әлеуметтік-мәдени идеалдары. Жаңа құндылықтарды қалыптастыру мәселелері» және «Жаңа Қазақстан: өркендеу жолы» тақырыбында дәрістерді тыңдады. 

Лекторлар пікірталастар мен тапсырмаларды орындау барысындағы жастардың қызығушылығын, белсенділігі мен бастамашылығын атап өтті.  Қатысушылар да вебинар туралы өз пікірлерін жолдады. 

«Кітапхана қызметкерлерінің ешқандай қалыпқа салынбайтын шығармашылық, жүйелі тәсілін атап өткім келеді. Маған «теңдік», «сөз бостандығы», «әдептілік» т.б тезистерді талдау өте ұнады. Семинардың практикалық бөлімі қызықты өтті. Облысымыздағы мектептердің көшбасшылары үшін екі күн көзді ашып-жұмғандай өте шықты», - деді Балалар мен жастардың шығармашылық сарайы директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Алия Ахметова.