САРАПШЫЛАР ПІКІРІ: ЖАҢА ГРАФИКА ӘЛЕМДІК ҚАУЫМДАСТЫҚҚА ЖОЛ АШАДЫ

2018 жылғы 20 ақпанда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасын бекітті. Латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиі тың өзгерістермен жаңарды. Атап айтқанда, тілімізге ғана тән алты әріп диакритикалық белгілермен таңбаланып, апостроф, диграфтар (Sh, Ch есептемегенде) жойылды.

Латынның «I» бас әрпі қазақ тіліндегі «і», «и», «й» деген әріптерді белгілеуде қолданса, кіші «і» әрпі қазақ тіліндегі «і» әрпін, нүктесі жоқ «ı» әрпі «и», «й» әріптерін білдіреді.

Қазақ әліпбиін латынға көшіру идеясын алғаш рет Елбасы Н.Ә. Назарбаев 2006 жылы өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХІІ сессиясында жариялаған еді. Алты жылдан соң, «Қазақстан – 2050» Стратегиясында Мемлекет басшысы 2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшуді тапсырды. 2017 жылдың сәуірінде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы жарық көріп, өзгерістерге зәрушілігіміз айқындала түсті.

Қоғам арасындағы қызу талқы мен Мәжілістегі парламенттік тыңдаулардан кейін сарапшылар латын әліпбиіне көшу үдерісін Қазақстанның әлемдік қауымдастыққа кіруін жеделдетеді деген пікірге келді. Осы орайда тіл ерекшелігі мен дыбыс артикуляциясын сақтап қалатын әліпби үлгісін құрау қажеттілігі туды.

2017 жылғы 26 қазанда Мемлекет басшысы «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» №569 Жарлыққа қол қойса, бұл жобаны іске асыру бойынша құрылған Ұлттық комиссия былтырғы жылдың қарашасынан бастап өз жұмысын үздіксіз атқаруда. Төрт айдай уақыт ішінде Комиссия латын графикасындағы қазақ тілі әліпбиінің бір қатар үлгісін ұсынды. Оларды дайындау барысында қоғамдық талдауда айтылған ұсыныстар ескерілді.

Елбасы кітапханасының жетекші ғылыми қызметкерлері де тың әліпбиге деген көзқарастарымен бөлісті. Олардың бірі, философия ғылымдарының докторы, профессор Ғазиз Телебаев бізге былай деді:

– Былтыр Елбасының бекітілген Жарлығы бойынша латын әліпбиінің бірнеше нұсқасы қарастырылды. Осы тұста мамандар тарапынан диграф, апостроф секілді белгілерді қолдану әдістері ұсынылғаны  мәлім. Алайда бүгін жұртшылық назарына қазақ тіліне ғана тән әріптерді таңбалаудың  тың нұсқасы  ұсынылып, халық кезекті үлгінің оң тұстарын бірден байқап жатыр. Жаңа әліпби диакритикалық белгілер тізбегінен құралған. Оның бірінші тиімділігі – бұрынғы үлгілерге қарағанда, сөздерді ұзартпайтынында. Бұл ерекшелік екінші тиімділік – сөздерді жеңіл оқу және түсіну мүмкіндігін ашады. Үшіншіден, әліпбиде түрік, әзербайжан ұлттарының әліпбиінде кездесетін латын қаріптері бар. Түркі әлемінің ажырамас бөлігі болып келетін мемлекет үшін бұл нұсқа сонысымен тиімді. Әрине, әлі талқыланып, қайта қарастыруды талап ететін кішігірім мәселелер бар, бірақ олардың жақын арада шешімі табылатынына сенімдімін. Мұндай мәселелер тәжірибеге сүйенуді қажет етеді деп санаймын. Бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ жалпы қоршаған ортада латын әліпбиінің жаңа нұсқасы белсенді қолданылса, оның кем тұстары мен ұтымды жақтары тезірек анықталады. Демек, тілдік тәжірибеден өткен әліпби ғана ұшталып, берік бола түседі. Ол болса, біздің жауапкершілігіміздегі маңызды іс.

Тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Сағынтай Бердагулова да жаңа әліпби нұқсасының тиімділігін атап өтті:

– Бүгінде мемлекетіміз дамыған отыз мемл