Ағымдағы жылдың 12 қыркүйегінде Елбасы Кітапханасында Астана қаласындағы «Нұр Отан» партиясы «Бірлік» филиалының «Тұңғыш» бірінші партия ұйымы бюросының жиналысы болып өтті. Отырысқа «Бірлік» филиалы төрағасының орынбасары Шыңғыс Қожахметов қатысты.
Жиналысты ашқан «Тұңғыш» БПҰ төрағасы Ә. Рахымжанов күн тәртібіндегі мәселелерді бекітуді ұсынды. Күн тәртібінде «Нұр Отан» партиясының қатарына мүшелікке қабылдау, «Тұңғыш» БПҰ хатшысын қайта сайлау және «Нұр Отан» партиясының билеттерін салтанатты түрде табыс ету сұрақтары қарастырылды. Күн тәртібінің мазмұнын Бюро мүшелері бір ауыздан қолдады.

Күн тәртібіндегі алғашқы сұрақты талқылау барысында «Нұр Отан» партиясына қабылдау бойынша партия мүшелігіне өтініш берген үміткерлер өздерінің саналы түрде өмірлік таңдау жасағандары туралы шешімдерін баяндады.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті қорының қызметкері Анатолий Бойко, партияның тұжырымдамалық негіздемесін қолдай отырып, қаланы абаттандыру бойынша қоғамдық жұмыстарға араласып, қайырымдылық шараларына белсене атсалысатын ниетін білдірді. «Партияның және Қазақстанның лидері – Елбасының тұлғалық қасиеттері менің саяси таңдау жасауыма мұрындық болды. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірбаяны мен жасампаз қызметі – еліміздің барлық жастары үшін үлкен өнеге», – деді А. Бойко Бюро мүшелерімен болған кездесуде.

Жас белсенділер Тамерлан Жақсылық пен Айдын Төлеубаев (ҚР ТП қорының қызметкерлері) та «Нұр Отан» партиясының саяси негіздемесімен таныс екендерін және салауатты өмір салтын ұстанатын жастар азаматтық қоғамда белсенділік танытуға әзір екендерін білдірді. Жеке бастарының мінсіз мінездемелерін ескере отырып, Бюро мүшелерінің бір ауыздан дауыс беру нәтижесінде барлық үміткерлер «Нұр Отан партиясының мүшелігіне қабылданды.
Күн тәртібіндегі екінші сұрақты талқылау қорытындысы бойынша «Тұңғыш» БПҰ хатшысы сайланды. Хатшылыққа Бюро мүшелерінің бір ауыздан дауыс беру шешімімен қызмет барысында өзін жауапты қызметкер және белсенді партия мүшесі ретінде көрсете білген Әлеуметтік-ағартушылық жобалар қызметінің сарапшысы Аслан Жұмағұлов сайланды.
Күн тәртібіндегі үшінші сұраққа сәйкес Әмірхан Рахымжанов ағымдағы жылдың 17 тамызында партия қатарына жаңадан қосылған 11 партия мүшесіне салтанатты түрде партия билеттерін табыс етті. Партия қатарына қабылданғандар Бюро мүшелеріне сенім білдергені үшін алғыс айтып, ұйымның Жарғысын қатаң ұстанатындарын, партияның лидері – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың идеялары мен бастамаларын насихаттайтындарын жеткізді.
Жаңа қабылданғандардың қатарында партия билетіне ие болған Ұйымдастыру қызметінің аға сарапшысы Роза Қарашолақова өз әсерімен бөлісті:

«Мен еліміздегі тұрақтылық, бейбітшілік пен келісімнің кепілі біздің Елбасымыз деп айта аламын. «Нұр Отан» партиясы Мемлекет басшысының идеялары мен бастамаларын жүйелі әрі бірізділікпен жүзеге асырып келеді. Осындай ірі және беделді ұйымның маған сенім артқанымен мақтанамын».
Баспа және жұртшылықпен байланыс қызметінің аға сарапшысы Лида Бөкешова – мектеп жасындағы екі баланы тәрбиелеп отырған аяулы ана ретінде өз болашағын партиямен тығыз байланыстырады және нағыз патриот өзі таңдаған мамандықтың үздік маманы болу керек деп санайды: «Өз мамандығымды жақсы көремін, әріптестеріме үлкен құрметпен қараймын, барлығы да өз істерінің кәсіби мамандары. Елбасы Кітапханасы бәсекеге қабілетті, интеллектуалды дамыған қазақстандықтардың өскелең ұрпағын қалыптастыруда үлкен жұмыс атқаруда. Мен үшін нұротандықтардың қатарында болу – үлкен абырой».

Күн тәртібіндегі сұрақтарды талқылау қорытындысынан соң «Бірлік» филиалы төрағасының орынбасары Шыңғыс Қожахметов сөз алып, жаңа партия мүшелерін құттықтап, оларға қоғамдық-саяси қызметте табыстар тіледі. Сондай-ақ, ол «Тұңғыш» бірінші партия ұйымының атқарған қызметін жоғары бағалап, басшысы Әмірхан Рахымжановқа Астана қаласының әкімі Ә. Исекешевтің атынан алғыс хатты табыс етті.
