Салауатты ұлт. Спортшыл Қазақстан

2016 жылдың 24 ақпанында Елбасы кітапханасында Павлодар және Семей өңірінен келген студент жастар Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт ісі жөніндегі комитет төрағасының орынбасары С.М. Жарасбаевпен кездесті.   

«Салауатты ұлт. Спортшыл Қазақстан» тақырыбындағы кездесу Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналды және осы айтулы датаны мерекелеу күнтізбесіне сәйкес іс-шаралар жоспары аясында өтті.

0U3A8949

С.М. Жарасбаев жас активистерге Рио-де-Жанейрода өтетін жазғы Олимпиадаға спортшылардың дайындық барысы, Қазақстанда спортты дамыту перспективалары, қазіргі қазақстандықтың өміріндегі спорттың рөлі туралы айтып берді. «Бұл саладағы ең маңызды міндеттердің бірі – бұқаралық спортты дамытудан басқа, жоғары жетістіктерге жететін спорт түрлерін дамыту болып табылады. Елдің Олимпиадалық ойындарда жеткен жетістіктері өсу көрсеткіші болып табылады. Атлантадағы Олимпиададан бері лицензиялар саны мен спортшыларымыз қатысатын спорт түрлері екі есеге өскен», – деп атап өтті құрметті мейман.

Спортшыларымыздың Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиадаға дайындық деңгейін С.М. Жарасбаев былай сипаттайды: «Алдағы уақытта өтетін Олимпиададан біз спорттың бокс, күрес, ауыр атлетика секілді түрлерінен жеңіске жетеміз деген сенім мол. Бұл жарысқа 205 ел қатысады. Соның ішінде әлемнің жетекші спорттық держава елдері де бар. Олармен бәсекеге түсу біздің жас еліміз үшін – үлкен сынақ. Біз оған дайынбыз. Олармен бәсекеге түсе алатындығымызды бірнеше мәрте дәлелдеген болатынбыз».

0U3A8958

Кездесу интерактивті режимде өтті, студент жастар жазғы Олимпиадаға  қатысатын спортшыларымыз бен жанкүйерлеріміздің спорттық киімі қандай болады, спортшылар үшін арнайы оқу мекемесі ашылады ма, еңбек демалысына шыққан спортшылардың әлеуметтік бейімделу проблемалары туралы көптеген сұрақ қойды.    

Кездесуді соңында С.М. Жарасбаев ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығында іс-шараға қатысушыларға мықты денсаулық, оқуда табыс пен спорттық жетістіктер тіледі.

0U3A89811