23 қыркүйекте Нұр-Сұлтандағы Әулие Мәриәм рим-католик архиепархиясының делегациясы Тұңғыш Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың астананы ауыстырғаннан кейінгі резиденциясы, қазіргі Елбасы кітапханасының музейіне келді.


Бұл сапар Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Рим Папасы Иоанн Павел II-нің мемлекетімізге сапарының 20 жылдығына орайластырылды.

2001 жылғы 22 қыркүйекте Жоғарғы Папа Иоанн Павел II Қазақстанға бірінші және соңғы рет келген болатын. Халықаралық саяси аренада егемендік, дінаралық және конфессияаралық диалогты орнатып, Қазақстан мен Ватикан арасындағы серіктестікті нығайтуда баға жетпес рөл атқарған оқиға жас мемлекет тарихындағы маңызды оқиғалардың бірі болды.

Экскурсия кезінде 100-ге жуық епископ, діни қызметкерлер мен монахтар Елбасы бұрынғы резиденциясының залдарымен танысты. Бұл залдарда жоғары деңгейдегі кездесулер, оның ішінде ІІ Иоанн Павелдің қабылдауы өткен болатын.
