ПРЕЗИДЕНТТІК КІТАПХАНАЛАР МЕН ҚОРЛАР ТУРАЛЫ ЖАҢАЛЫҚТАРДЫҢ ӘЛЕМДІК ДАЙЖЕСІ (2021 ЖЫЛ, ҚАРАША)

Александрия және мозайка тарихы
Александрия кітапханасы «Александрия және мозайка тарихы» дәрісін ұйымдастырады. Дәрісті Туризм және көне жәдігерлер министрлігі Мозаика орталығының антикварлық зерттеулер бөлімінің меңгерушісі доктор Иман Мохсен Шахоуи оқиды.
Дәріс тақырыбы әсіресе эллиндік дәуірдегі мозайка өнерін қозғамақ. Оның аясында Александрия, Жераш, Ливия және Жерорта теңізінде табылған мозайкалар ұсынылады.
https://www.bibalex.org/en/events/eventdetails?id=71649 

Гейдар Әлиев орталығы Авишай Коэн триосын шақырады
6 желтоқсанда Гейдар Әлиев орталығында Авишай Коэн триосының концерті өтеді. Джаз фестиваліне Авишай Коэн (бас), Эльчин Ширинов (фортепиано) және Рони Каспи (соқпалы аспаптар) қатысады.
   Әзербайжандық пианист және композитор Эльчин Ширинов Авишай Коэнмен бірге сахнаға шығады. Соңғы 3 жылда музыканттар тығыз ынтымақтастық орнатып, трионы әлемге әйгілі етті. 
https://heydaraliyevcenter.az/#5_News_435 

«Ұлттық қауіпсіздікті арттырудың негізгі бағыттары» көрмесі
Беларусь Республикасы Президентінің кітапханасы 2021 жылдың қарашасында «Ұлттық қауіпсіздік жүйесін жетілдірудің негізгі бағыттары» халықаралық конференциясы аясында «Ұлттық қауіпсіздікті арттырудың негізгі бағыттары» көрмесін ұсынады.
Көрмеге қойылған кітаптар мен мерзімді басылымдар шара барысында талқыланған өзекті мәселелерді қамтиды. Көрменің мазмұны «Түрлі-түсті» революциялар», «Бұқараны басқару», «Көші-қон саясаты» және «Ақпараттық конфронтация» блоктарына бөлінген.
https://www.preslib.org.by/exhibitions/virtualnye/otdel-obsluzhivaniya-…;

Ақ үйдің үй жануарлары
Ақ үйдің тарихи қауымдастығы және Линдон Бейнс Джонсон президенттік кітапханасы орта мектеп мұғалімдерін «Ақ үйдің үй жануарлары» виртуалды кәсіби даму бағдарламасына қатысуға шақырады. Бағдарлама арқылы студенттер Ақ үйдің бұрынғы үй жануарлары туралы әңгімелермен танысады. Бағдарламаның барлық қатысушылары сессия материалдарына қол жеткізе алады және сертификаттаудан өте алады.
https://www.lbjlibrary.org/events/education/out-paw-ffice-white-house-p…;

Робот-гуманоид
Технологиялық семинар 2021 жылдың 5 желтоқсанында Түркия Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық кітапханада ұйымдастырылды.
Шара 9 бен 13 жас аралығындағы балаларға арналған. Іс-шараның мақсаты – адам денелі роботтың жұмыс принципін зерттеу.
https://mk.gov.tr/icerik/detay/humanoid-robot-3 

Ельцин орталығының жаңа жылдық бағдарламасы
Ельцин орталығына келушілер ерекше шыршалар мен таңғажайып әшекейлерді, керемет дизайн шешімдерін көреді.
Ельцин атындағы орталықтың алдындағы аумаққа арналған жаңа жылдық мұз дизайны мен балаларға арналған слайдтардың авторлары – апалы-сіңлі Елена мен Марина Ерковичтер. Мұз қалашығы 25 желтоқсанда ашылады.
Дәл осы күндері Борис Ельцин музейінің жаңа жылдық интерактивті бағдарламалары, арнайы шеберлік сабақтары мен отбасылық шаралар, сондай-ақ спектакль көрсетілімі ұсынылмақ.
Ересектерге театрландырылған қойылымдар (соның ішінде Ресей Үлкен театрының «Шерткіш» («Щелкунчик») балеті) жазбаларының көрсетілімі, сондай-ақ мейрамхана сыншысы Яков Можаев, Борис Ельцин музейі мен «1991» кафесінің қызметкерлері дайындаған мерекелік кешкі ас ұйымдастырылмақ.
https://yeltsin.ru/news/Novogodnyaya-programma-Elcin-Centra/