ПРЕЗИДЕНТ КІТАПХАНАЛАРЫ, ОРТАЛЫҚТАРЫ ЖӘНЕ ҚОРЛАРЫ ТУРАЛЫ ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ ДАЙДЖЕСТІ (ШІЛДЕ 2021)

02.08.2021

Стонтондағы қауымдастықтың бастамасымен ашылған жаңа көрме қалыптасу үдерісіндегі тарихты көрсетеді

Стонтондағы Вудро Вильсон президенттік кітапханасы жаңа дүниелер жасап жатыр. Бұл көрме ғасырлар бойғы тарих туралы емес, Шенандоа алқабындағы адамдар жасаған тарих пен қазіргі тәжірибені баяндайды.

Тұздық рецепті, дәретхана қағазы, сынған контроллер, бетке арналған маскасы және басқалар. Мұның барлығы қауымдастық ұйымдастырған «Қазіргі кездің тарихы» көрмесінің бір бөлігі.

Олардың ішінде Джордж Флойдтың өлімінен кейін Стонтондағы әділеттілікті ту ету туралы хикаялар, сондай-ақ өткен жылдың тамыз айында Стонтонның орталығындағы екі бірдей су тасқыны туралы әңгімелер бар. Кітапхана әлі де интерактивті тақтаға әңгімелер жинайды.  

Қауымдастық бастамашылық ететін «Қазіргі кездің тарихы»  көрмесі 2022 жылдың наурызына дейін Стонтондағы Вудро Вильсон президенттік кітапханасында ұсынылады.

https://www.nbc29.com/2021/07/07/new-community-curated-exhibit-staunton-showcases-history-making/    

 

Эйзенхауэр кітапханасы аймақтағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты жабылады

Канзас штатындағы Дикинсон округінде COVID-19 оқиғаларының ұлғаюына байланысты Ұлттық архив пен құжаттама басқармасы Абилиндегі президенттік кітапхана мен Дуайт Эйзенхауэр музейін 19 жылдың 2021 шілдесінен бастап жабады.

Пандемияға байланысты 2020 жылдың наурыз айында жабылғаннан кейін, Эйзенхауэр музейі шектеулі негізде қонақтарға 2021 жылдың 20 мамырында қайта ашылған және 2021 жылдың 16 маусымында келу сағаттарның ұзартылғаны туралы хабарлаған болатын. Ұлттық архив Эйзенхауэр музейін аймақтағы эпидемиологиялық жағдай тұрақтанғаннан кейін қайта ашатын болады.

https://www.eisenhowerlibrary.gov/

 

Леди Берд: Дала гүлдердің астарында бұрын көпшілік назарына ұсынылмаған хаттар, фотосуреттер, киім және артефактілер жатыр

2021 жылдың 14 шілдесінде Техас штатының Остин қаласындағы Линдон Бейнс Джонсон Президенттік кітапханасында АҚШ-тың 36-шы президенті Линдон Бейнс Джонсонның әйелі леди Берд Джонсонның өмірі мен мұрасына арналған Леди Берд: «Дала гүлдердің астарында» көрмесі ашылды. Линдон Бейнс Джонсон кітапханасы алғаш рет леди Берд Джонсонның жеке және саяси өміріне арналған үлкен көрме ұйымдастырды.

Бұрынғы бірінші ханым көбінесе қоршаған ортаны қорғауға және елдің ландшафтын безендіретін қыр гүлдерін насихаттауға баса назар аударған. Леди Берд: «Дала гүлдердің астарында» жобасы келушілерге Джонсон ханымның білімі, отбасы, жұмысы, іскер әйелдің ісі және оның мейірбандылығы туралы көбірек ақпарат береді.

http://www.lbjlibrary.org/press/new-exhibit-about-lady-bird-johnson-opens-at-lbj-presidential-library

 

ФТБ: Аль Капонеден  Аль-Каидаға дейін

2021 жылдың 2 шілдесінде Рональд Рейганның Президенттік кітапханасы мен музйінде «ФТБ: Аль Капонеден Аль-Каидаға дейін» көрмесінің әлемдік премьерасы өтеді. 11000 шаршы футтық көрме аты аңызға айналған агенттіктің құрылғаннан бастап АҚШ-тағы терроризмге қарсы күрестетің қазіргі жағдайына дейінгі тарихын қамтиды. Алғаш рет осы тың тарихи артефактілер мен дәлелдер көпшілік назарына ұсынылды.

https://www.reaganlibrary.gov/upcoming-exhibits/FBI

 

Александрия кітапханасы Әл-Махмал аш-Шарифті (Құрметті Қожа) қабылдағанын атап өтеді

Александрия кітапханасы лорд Яшар Хасан Хельми сыйға тартқан Әл-Махмал Әл-Шарифті (Құрметті Қожа) 2021 жылдың 7 шілдесінде өткен мерекеде қабылдады.

Александрия кітапханасының директоры, доктор Мұстафа Эльфеки бұл қайырымдылыққа ризашылығын білдіріп, лорд Яшар Хасан Хельмидің бұрынырақ кітапханаға көптеген келушілердің назарын аударатын  Қағбаның кисуасын сыйға тартқанын атап өтті.

https://www.bibalex.org/en/news/details?documentid=40249&page=1

 

 «100 заттан тұратын ислам ғылымының тарихы» көрмесі – Түркия Президентінің Ұлттық кітапханасында

«100 заттан тұратын Ислам ғылымының тарихы» өз энтузиастарымен 12.04.2021 жылы Селжук Ұлттық кітапханасының музей залында кездеседі. Көрме топтамасында астрономия, география, геометрия, оптика, химия және медицина саласындағы 100 таңдаулы бұйым ұсынылған. «100 заттан тұратын Ислам ғылымының тарихы» көрмесі 12 сәуірден 31 шілдеге дейін жалғасады.

https://mk.gov.tr/icerik/detay/the-history-of-islamic-science-in-100-objects-exhibition

Ельцин орталығында 6 шілдеде «Иннопром-2021» өнеркәсіптік көрмесі және оған орайластырылған «Италия күндері» фестивалі аясында «Леонардо да Винчи. Әмбебап адам» көрмесі ашылды

 

Жоба ВТБ банкінің, Мәскеудегі Италия Елшілігінің қолдауымен, Турин Корольдік музейлерінің қатысуымен және MondoMostre ұйымының қолдауымен жүзеге асырылды.

Көрмеде Турин Корольдік музейлерінің топтамасында Леонардо да Винчи жасаған екі жәдігер: 1510 жылғы «Қыздың портреті» және «Құстардың ұшу кодексі» – Леонардоның әйгілі туындысы бар. Бір кітапқа топтастырылған парақтарды 1893 жылы орыс меценаты Федор Сабашников пен суретші Джованни Пьюмати  шығарған.

Осы таңғажайып жәдігерлерден басқа, көрмеде Турин Корольдік музейлерінің топтамаларынан Леонардо да Винчидің репродукцияларын және итальяндық медиа-суретші Франц Фишналлер жасаған «Ойлар орныққан кезде. Леонардо да Винчи құстарының ұшу кодексі» анимациялық бейнеинсталляциясын көруге болады. Қолжазба экранға мультимедиа режимінде бір уақытта орыс тіліне аударылған нұсқасымен шығады.

https://yeltsin.ru/news/Leonardo-da-Vinchi-na-vystavke-v-Elcin-Centre/

 

Ельцин орталығының кино-конференц-залының фойесінде 8 тамызға дейін Максим Ивановтың – «Жеңімпаздар» фотожобасы өтіп жатыр

Максим Иванов – ресейлік суретші, Хартфордшир университетінің сурет факультетінің түлегі. Оның таңғажайып фотожобасы дарынды балаларға – 2017 жылы Смоленскіде өткен Бүкілресейлік астрономия олимпиадасының жеңімпаздарына арналған. Бұл – елдің болашағы туралы толғану және бүгінге үлкен үміт артатындардың кемелді келешегінің көрінісі.

https://yeltsin.ru/news/Proekt-Pobediteli-o-geroyah-novogo-vremeni/

 

Беларусь және Ресей өңірлері VIII форумының үшінші секциясының отырысы

2021 жылғы 29 маусымда Беларусь Республикасының Президенттік кітапханасында «Халықаралық шарттар аясында одақтық бағдарламалар мен ғылыми-техникалық жобаларды іске асыру мәселелері бойынша Ресей мен Беларусьтің өзара ынтымақтастығын арттыру» тақырыбына Беларусь және Ресей өңірлері VIII форумының үшінші секциясының беларустық бөлігінің отырысы өтті.

Басқосудың басты мақсаты – одақтық мемлекет, ТМД, басқа да халықаралық құрылымдар шеңберінде бағдарламалар мен ғылыми-техникалық жобаларды іске асыру процесін талдау және халықаралық шарттарды іске асыру аясында Беларусь пен Ресейдің ғылыми-техникалық саладағы ынтымақтастығын құқықтық реттеуді жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу.

 

https://www.preslib.org.by/news/type1/zasedanie-tretei-sekcii-viii-foruma-regionov-belarusi-i-rossii

 

Еуропалық Кеңес президенті Шарль Мишель Шамахыдағы Жұма мешітін аралады

18 шілдеде Еуропалық Кеңес президенті Шарль Мишель Әзербайжанға жұмыс сапары аясында Шамахыға барды.

Әзербайжан Республикасы Президентінің көмекшісі, Гейдар Әлиев қорының атқарушы директоры Анар Алакбаров Еуропалық Кеңес президенті Шарль Мишельді қарсы алды.

Мешіт имамы Мархамат Мұстафаев қонаққа діни ғибадатхана жайын баяндады. Мешіттің 743 жылы салынғаны атап өтілді. Әзербайжан, жалпы Оңтүстік Кавказ және Таяу Шығыстағы ең көне мұсылман ғибадатханаларының бірі болып саналатын Шамахы Жұма мешіті халиф Халид ибн Уәли кезінде ағасы Мүслім ибн Уәлиядтің Әзербайжанға келуіне орай салынған.

 

https://heydar-aliyev-foundation.org/ru/content/view/59/5070/%D0%9F%D1%80%D0%B5%D0%B7%D0%B8%D0%B4%D0%B5%D0%BD%D1%82-%D0%A1%D0%BE%D0%B2%D0%B5%D1%82%D0%B0-%D0%95%D0%B2%D1%80%D0%BE%D0%BF%D0%B5%D0%B9%D1%81%D0%BA%D0%BE%D0%B3%D0%BE-%D0%A1%D0%BE%D1%8E%D0%B7%D0%B0-%D0%A8%D0%B0%D1%80%D0%BB%D1%8C-%D0%9C%D0%B8%D1%88%D0%B5%D0%BB%D1%8C-%D0%BF%D0%BE%D1%81%D0%B5%D1%82%D0%B8%D0%BB-%D0%A8%D0%B0%D0%BC%D0%B0%D1%85%D0%B8%D0%BD%D1%81%D0%BA%D1%83%D1%8E-%D0%94%D0%B6%D1%83%D0%BC%D0%B0-%D0%BC%D0%B5%D1%87%D0%B5%D1%82%D1%8C/