26.10.2017
АҚШ бұрынғы президенттері халықты үндеді
АҚШ-тың бұрынғы бес президенті Джимми Картер, Джордж Г.У. Буш, Билл Клинтон, Джордж У. Буш, Барак Обама бірігіп, халыққа «Америка үндеуін» («One America Appeal») жолдады. Кезінде «Харви» дауылынан зардап шеккендерге жан-жақты қолдау көрсетуге шақырған аталмыш жоба енді «Ирма» дауылының салдарынан аман қалған азаматтарға жағдай жасауға кірісті. Осы орайда «Америка үндеуі» әлем жанашырларын ортақ көмек көрсетуге шақырады. Ниет білдірген кез келген азамат жәрдем берудің түрлі жолдарымен https://www.oneamericaappeal.org/ сайтында таныса алады.
https://www.clintonfoundation.org/press-releases/former-us-presidents-l…
Франция ұлттық кітапханасы режиссерге тағзым етті
Франция ұлттық кітапханасы белгілі француз режиссері Жан Руштың 100 жылдығына орай «Жан Руш – кино адамы» («Jean Rouch, l’Homme-cinéma») атты көрмесін ашты. Енбек жолын этнографиядан бастаған режиссер француз киносының тарихында «cinéma vérité» бағытын салушы ретінде қалды. «Жаңа толқын» кинематографына оның тигізген әсері де аз емес. Өз жұмыстарында ол мәдениеттер сабақтастығы мәселелерін көтереді. Режиссердің шығармашылығымен 26 қыркүйектен 29 қарашаға дейін танысуға болады.
http://www.bnf.fr/fr/evenements_et_culture/anx_expositions/f.rouch_homm…
15 қыркүйек – Беларусь Республикасы кітапханаларының күні
15 қыркүйек күні Беларусь Республикасының кітапханашылары Кітапхана күнін тойлады.
Кітапхана ісінің мамандары бұл күнді алғаш рет 2001 жылы атап өткен болатын. Кәсіби мерекені құру идеясы Белорус кітапхана қауымдастығының бастамасымен жүзеге асты.
https://www.preslib.org.by/news/type1/15-sentyabrya---den-bibliotek
«Әлемдік ғылым мен мәдениеттегі белорустар»
Беларусь Республикасының президенттік кітапханасы «Әлемдік ғылым мен мәдениеттегі белорустар» көрмесін көпшілік назарына ұсынды.
2017 жылғы 22 қыркүйекте Белорус мемлекеттік экономикалық университетінде (Минск қ.) Х Жас ғалымдар халықаралық экономикалық форумы ашылды. Оның аясында кітапхана қызметкерлері аталмыш көрмені дайындап, көпшілік назарына абыроймен ұсынды.
Көрмеге келушілер кітапхана қорында сақталған сирек әрі көне баспа басылымдарын тамашалады. Олардың қатарында Франциск Скорина, Казимир Семенович, Игнатий Домейка, Александр Чижевской, т.б. өмірі мен қызмет жолы туралы материалдар, Жорес Алферов іспетті ғылым мен мәдениеттің дамуына үлесін қосқан өзге де белгілі тұлғалардың қолтаңбасы қойылған кітаптар бар.
https://www.preslib.org.by/news/type1/belorusy-v-mirovoi-nauke-i-kulture
«Қатар әлемдер» фото көрмесі ашылды
Мәскеудегі Ресей заманауи тарихының музейінде Дмитрий Донскойдың «Қатар әлемдер» («Параллельные миры») атты жеке фото көрмесі өтіп жатыр. Жобаны «Бүгінгі Ресей» халықаралық ақпарат агенттігі («Россия сегодня») ұсынып отыр. Д.Донской – агенттіктегі белгілі фото суретшілердің бірі, көптеген халықаралық және ресейлік кәсіби сайыстардың жеңімпазы. Ол жеті жыл бойы Борис Ельциннің жеке фото суретшісі болған азамат ретінде танымал.
165 фото жұмыстан құрылған көрме кеңестік және бүгінгі Ресей өмірінің 50 жылдық келбетін бейнелейді.
https://yeltsin.ru/news/parallelnye-miry-lichnogo-fotografa-prezidenta/
Ерекше балаларға арналған көрме өтті
Екатеринбургтегі Ельцин орталығында «Жаз да шағын бір өмір» («Лето – это маленькая жизнь») көрмесі ашылды. Кино-конференц залының фойесінде өткен көрме Мүгедектер конгресі мен «Әлемге ашық» («Открытые миру») фото жобасының аясында ұйымдастырылды.
Фото суретшілер мүгедек балаларды тәрбиелейтін отбасыларға арнап 24 қайырымдылық фотосессиясын өткізді. Әр отбасы үшін бұл шара мерекедей қуаныш әкелді. Фотосессияның арқасында олар табиғат пен қаланың ең көрікті жерлерін көру мүмкіндігіне қол жеткізді. Сондай-ақ, естелікке бірнеше сурет алған «ерекше» отбасылар өзара танысып, өмір тәжірибелерімен алмаса алды.
https://yeltsin.ru/news/v-elcin-centre-vse-eshche-leto/
Президенттік кітапхана Петербург қоғамдық көліктерінде блокада хроникасын көрсетпек
2017 жылғы 8 қыркүйек – Ленинград блокадасының 76 жылдығына орай хроникалық фильм дайындаған Ресей Федерациясының Президенттік кітапханасы деректі туындыны көпшілік назарына ұсынулы жоспарланды. Фильм Санкт-Петербург пен Ленинград облысының қоғамдық көліктерінде көрсетілмек.
Блокада туралы материалдарды Президенттік кітапхананың сайтынан да көруге болады. Оның электронды қорында ресми құжаттар, естеліктер мен күнделіктер, жеке архив материалдары, мерзімді басылымдар, кино және фото хроника, т.б. бар.
Деректі фильмдердің үзінділері 250 шақты автобус ішінде 5-15 қыркүйек арасында көрсетілді.
http://tass.ru/obschestvo/4535177
Президенттік кітапханада оқушыларға арналған интерактивті олимпиада басталмақ
2017 жылғы 21 қыркүйек пен 30 қараша аралығында Ресей Федерациясының Президенттік кітапханасында тарих, әлеуметтану, орыс тілі пәндері бойынша жыл сайын өтетін «Электронды әлемдегі Ресей» («Россия в электронном мире») атты интерактивті мектеп олимпиадасының бірінші айналымы өтеді.
Биыл сегізінші рет ұйымдастырылып жатқан «Электронды әлемдегі Ресей» олипиадасы оқушылар үшін ең маңызды жобалардың бірі ретінде белгілі болып отыр. Оған қатысу үшін Президенттік кітапхананың порталында тіркелудің өзі жеткілікті. Статистикаға сүйенсек, былтыр аталмыш олимпиадаға Ресей мен 10 мемлекеттен (АҚШ, Алжир, Әзірбайжан, Беларусь, Қазақстан, Украина, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Түркия) 5000-ға жуық оқушы қатысқан.
«Электронды әлемдегі Ресей» олипиадасының тапсырмаларын ойдағыдай орындап шығу үшін қатысушылар Президенттік кітапхананың қорын белсенді пайдалану қажет. Бүгінде ол баспа және архив материалдарының, аудио және бейне жазбалардың, сондай-ақ диссертациялардың авторефераттары мен өзге құжаттардың 550 мың сандық көшірмелерінен құралады.
https://chechnyatoday.com/content/view/306417
Жаны шуаққа толы балалар өнерлерін паш етті
2017 жылғы 23 қыркүйек пен 6 қазан аралығында Ресей Федерациясының Президенттік кітапханасында «Әлем бала көзімен» атты мультимедиалық көрмесі өтті. Оның барысында «Даун орталығы» балаларының көркем жұмыстары (суреттер, коллаждар, аппликациялар) ұсынылды. Көрмеден сәбилер дертінің жарқын балалық шаққа нұқсан келтіре алмағанын байқауға болады. Жұмыстардың барлығын бүлдіршіндердің өзі орындаған. Олардың әрқайсысында өзіндік ерекшелік бар.