Герберт Гувердің президенттік кітапханасы мен музейі қайта ашылды
Герберт Гувердің президенттік кітапхана-музейі 2021 жылдың 19 қазанынан бастап тұрақты галереялары мен «Леонардо да Винчидің машиналары» уақытша көрмесін ашады.
Зерттеу залы, сыйлықтары дүкені, қоғамдық және білім беру бағдарламалары әзірге жабық.
https://hoover.archives.gov/news-and-events
Пандемия тұсында жабылған Эйзенхауэр президенттік кітапханасы келушілерге есігін қайта ашты
27 қазаннан бастап Эйзенхауэрдің президенттік кітапханасы қалың жұртқа ашық. Келушілер музей жәдігерлерін тамашалап, медитация алаңын тамашалай алады.
https://www.eisenhowerlibrary.gov/eisenhowers/dwight-d-eisenhowers-final-post
Линдон Бейнс Джонсонның президенттік кітапханасы мен музейі 2021 жылдың 21 қазанында ашылады
2021 жылдың 21 қазанында ашылатын Линдон Бейнс Джонсон президенттік кітапханасы аптасына 7 күн бойы жұмыс істейтін болады. Келушілерд назарына «Леди Берд» көрмесі ұсынылады.
Президенттік кітапханаларда кәсіби дайындық
Орталық Флорида университетінің Лу Фрей институтының бағдарламасына қолдауда Картер кітапханасы білім беру дәрістерін жүргізетін Гувер және Труман кітапханаларына қосылуға қуанышты. Бұл кәсіби даму бағдарламалары педагогтарға елдің жоғарғы басшылығының ішкі және халықаралық дағдарыстарға қалай әрекет еткенін түсінуде студенттерге пайдалы ресурстарды ұсынады. 6 қазанда Джимми Картер президенттік кітапханасы мен музейінің білім беру жөніндегі маманы Джошуа Монтанари «Дерек көздерді зерттеу: Джимми Картер және Кэмп Дэвид келісімдері» сессиясын өткізді.
https://www.jimmycarterlibrary.gov/events
90-жылдар дәуірі жаңғырды
Екатеринбургтегі Ельцин орталығында 15-16 қазанда өткен «1990 жылдар – жад саясатының субъектісі» атты бүкілресейлік конференция барысында тарихшылар, саясаттанушылар, мәдениеттанушылар мен философтар қазіргі Ресейдің тарихи жадына қатысты мәселелерді талқылады.
https://yeltsin.ru/news/Epoha-90-h-skvoz-prizmu-politiki-pamyati/
Ельцин орталығындағы іс-шараларға қатысудың жаңа ережелері: QR коды және сертификаттар
Ельцин орталығына кіру ережелеріне Свердлов облысында COVID-19 пандемиясына байланысты режимге өзгерістер енгізілді.
Свердлов облысы губернаторының 22.10.2021 жылғы жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізілгендіктен 2021 жылғы 30 қазан мен 7 қараша аралығында жұмыс істемейтін күндердің жариялануына байланысты Ельцин орталығында барлық іс-шаралар тоқтатылды.
https://yeltsin.ru/news/Novye-pravila-posesheniya-Elcin-Centra-po-QR-kodu-i-spravkam/
«18 қазан – Әзербайжан Республикасының тәуелсіздігі күні» көрмесі
Беларусь Республикасы Президентінің кітапханасындағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы атқару комитеті Әзербайжан Республикасының Тәуелсіздігін қалпына келтіру күніне арналған тақырыптық көрме ұйымдастырылды.
Қытайдағы «Ежелгі қоныстар» мәдени саябағында Гейдар Әлиев қоры құрған Әзербайжан павильоны ашылды
Қытай Халық Республикасының Бенбу қаласының «Ежелгі қоныстар» мәдени саябағында Гейдар Әлиев қоры «Әзербайжан мәдениетіне саяхат» павильонын ұсынды.
Павильонда кілемдер, мыстан жасалған өнер үлгілері, сәндік-қолданбалы өнер туындылары, зергерлік бұйымдар, ұлттық киімдер, музыкалық аспаптар, сондай-ақ Әзірбайжан мәдениеті мен тарихы туралы Қордың басып шығарған басылымдары, ұлттық кәдесыйлар ұсынылған.