30.06.2021
Вудро Уилсон ұсынған Байрақ күніне 105жыл
Конгресс 1949 жылға дейін Байрақ күнін мереке ретінде бекітпеген еді. Алайда 1916 жылы Байрақ күні мерекесін ұсынған Вудро Вилсон идеясын ел жұрты мойындады.
Президент Уилсонның Байрақ күнін ұлттық мереке ретінде ұсынғанынан 105 жыл өтті. Туған жері Вирджиния штатындағы Стаунтон қаласы жылда Байрақ күнін атап өтеді.
Вудро Вильсон кітапханасы мен музейі 1969 жылы Зиграндтың немересі ұйымға сыйлағаннан кейін туды алды.
Жәдігерлер Стонтон тұрғындары мен саяхатшыларына қол жетімді болады.
Кеннедидің президенттік кітапханасы мен музейі 4 шілдеде ашылады
Джон Кеннедидің президенттік кітапханасы мен музейі 3 шілдеден бастап демалыс күндері қысқартылған жұмыс уақытымен жұмыс істейтінінжариялады. Былтырғы ахуал ескерілгендіктен, шілде мен тамыз айларында Музейге кіру тегін болады.
Музей сенбі және жексенбі күндері 10:00-14:00 аралығында жұмыс істейді.
https://www.jfklibrary.org/about-us/news-and-press/press-releases
Никсон кітапханасындағы донорлық
22, 30 маусымда жұртшылық Никсон кітапханасындағы Ақ үйдің Шығыс залында қан тапсыра алады.
Никсон кітапханасы 2020 жылдың наурызында ковидке байланысты жабылғаннан кейін кезіндебелсенді бағдарламалары мен іс-шараларын өткізген Ақ үйдің Шығыс бөлмесі қайырымдылық орталығына айналды.
Содан бері Қор 40-тан астам донорлық шарасын ұйымдастырып, 1700-ден астам қан бірлігінің арқасында 5100 адамның өмірін сақтап қалды.
Ричард Никсон қоры маңызды науқандарды тапшылық жойылғанға дейін жалғастыруға ниетті.
Бұл науқан LifeStream Blood Bank-пен серіктестікте ұсынылған.
https://www.nixonfoundation.org/event/blood-drive-nixon-library-4/
Рейган қоры мен институты Нэнси Рейганның жүз жылдық мерекесін жариялайды
2021 жылдың 6 шілдесінде өтетін Нэнси Дэвис Рейганның 100 жылдығына орай Президент қоры мен Рональд Рейган институты 2022 жылдың 6 шілдесіне дейін жалғасатын Нэнси Рейганның жүз жылдық мерекесін бастайтынын жариялады. Мереке оның ұлтқа қосқан үлесі мен өмірдегі тамаша жетістіктерін көрсететін арнайы іс-шаралармен бай бағдарламаларымен, жобалармен толығады.
Джордж Буштың президенттік орталығында Америка иммигранттарының портреттері ұсынылды
Президент Джордж В. Буш май бояумен салынған картиналар арқылы Америка иммигранттарының шабыттандыратын тағдыры мен ұлттың өмірі мен гүлденуіне қосқан үлестерін халыққа жеткізбек. Президенттің салған 43 портреті мен ілеспе өмірбаяндар жақсы өмір іздеп Америкаға келгендер жандардың күш-қуатын сезіндіреді.
Көрме 2022 жылдың 3 қаңтарына дейін жалғасады.
https://www.bushcenter.org/exhibits-and-events/exhibits/2021/out-of-many-one.html
Обама әулетінің портреттері ұсынылады
Кехинде Уайидің қылқаламынан туған Барак Обаманың портреті мен Эми Шеральдт салған Мишель Обаманың суреті тұсаукесерінен соң 2018 жылы Ұлттық портрет галереясына келушілердің рекордтық санын жинады. Бұл дерек экс-президент пен бірінші ханымның халық арасындағымәртебесін тағы да дәйектеді.
14 маусымнан бастап қос портрет Чикаго, Бруклин, Лос-Анджелес, Атланта, Хьюстондағы өнер музейлеріне қойылады.
Су басқан ескі жәдігерлер Александрия кітапханасының көне музейіне қайтарылды
Александрия кітапханасының көне музейі АҚШ пен әлемнің бірнеше еуропа елдеріне бес жылға жуық жер шарын айнала саяхат жасап Мысырға келген бірегей артефактілердің керемет жинағын қайта ұсынды.
2015 жылы көрмені бірқатар Еуропа елдері, ал 2018 жылы АҚШ тамашалады. Көрменің ең көрнекті жәдігері – Птолемей патшайымдарының бірін бейнелейтін Исида әйел-құдай бейнесіндегі мүсін. Бұл көрнекті артефакт барлық музей экспозициясының сәніне айналып, халықаралық бұқаралық ақпарат құралдары мен баспасөздің назарына ілікті.
https://www.bibalex.org/en/news/details?documentid=40213&page=4
«Ректорлар кітаптар ұсынады» әлеуметтік желілердегі іс-шара
Ұлттық кітапхананың әлеуметтік желілерінде «Ректорлар кітаптар ұсынады!» акциясы өтіп жатыр, онда жоғары оқу орындарының басшылары жастарға арналған кітаптар ұсынады.
https://www.instagram.com/cbmilletkutuphanesi/
https://mk.gov.tr/icerik/detay/rectors-recommend-books-social-media-event
«Сталинизм тарихы» XIII Халықаралық ғылыми конференциясының бағдарламасы
21-24 маусымда Екатеринбургтегі Ельцин орталығында «Сталинизм тарихы» циклінен XIII халықаралық ғылыми конференция өтті. Конференцияның тақырыбы – «Жеңіске жету жолдары. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы адам, қоғам, мемлекет».
«Сталинизм тарихы» цикліндегі он үшіншіконференцияның міндеті – дүниежүзілік тарихнаманың ең динамикалық әрі ауқымды бағыты ретінде Ұлы Отан соғысы мен тұтас Екінші дүниежүзілік соғыс тарихын қорытындылау және зерттеу перспективаларын анықтау.
https://yeltsin.ru/news/XIII-Mezhdunarodnaya-nauchnaya-konferenciya-Istoriya-stalinizma/
Жоғары нотада: Ельцин орталығында «Сөз бен музыка еркіндігі» үшінші фестивалі
Ресей Конституциясының 25 жылдығына орай бастау алған «Сөз бен музыка еркіндігі» фестивалі ерекше әрі қайталанбас атмосферасымен Ельцин орталығының визит карточкаларының біріне айналды. Биыл үшінші рет өткізілген іс-шара Екатеринбургке елдің ең жарқын адамдарымен кездесулер мен пікірталастарға және сүйікті музыканттарының қойылымдарына толы естен кетпес екі күн сыйлады.
Пандемия кезіндегі шектеулерге байланысты музыкалық-сөйлесу фестивалі 12-13 маусымға ауыстырылып, Ресейдегі алғашқы президент сайлауының 30 жылдығына орайластырылды. Фестивальді Ельцин орталығының атқарушы директорының бірінші орынбасары Людмила Телень ашты.
https://yeltsin.ru/news/Na-vysokoj-note-tretij-festival-Slova-i-muzyka-svobody-v-Elcin-Centre/
Ельцин орталығы мен «Гараж»Екатеринбургтің заманауи өнер архивін жасайды
Ельцин орталығының арт-галереясы осы жобаға грант бөлген «Гараж» заманауи өнер музейімен бірге ресейлік заманауи өнер архивжелісі – RAAN базасы үшін Екатеринбургтің заманауи өнер архивін жинай бастады. Екатеринбург архивінде тәлімгерлер Анна Литвовских пен Светлана Усольцева жұмыс істейтін болады.
Архив цифрланған және физикалық материалдардан тұратын болады. Цифрланғандар RAAN базасының онлайн-платформасында қол жетімді болады, ал материалдық – құжаттар, фотосуреттер, бейнелер және т. б. Ельцин орталығында сақталады, оларға сұраныс бойынша ғана рұқсат беріледі.
https://yeltsin.ru/news/Elcin-Centr-i-Garazh-sozdayut-arhiv-sovremennogo-iskusstva-Ekaterinburga/
Наукоградтағы демалыс. 3D модельдеу
Ельцин орталығында 21-25 маусым аралығында «3D модельдеу» жазғы лагері өтеді. «3D модельдеу» жазғы лагерінде балалар мұғалімнің басшылығымен Blender-де қалай жұмыс істеуге болатынын және 3D форматында өздерінің армандар бөлмесін құруды үйренеді. Сонымен қатар, жас зерттеушілер ұлы өнертабыстардың тарихымен және әртүрлі шығармашылық түрлерімен танысады.
https://yeltsin.ru/affair/Kanikuly-v-Naukograde-3D-modelirovanie/?id=42727
Ұлы Отан соғысының ардагерлері туралы деректі кітаптардың тұсаукесері
2021 жылғы 16 маусымда Беларусь Республикасының Президенттік кітапханасында Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен Новополоцк қаласының полиция органдары туралы «Соғыс жалынында шыңдалған» және «Жеңіс пен құқық қорғау жауынгері» деректі кітаптарының тұсаукесері өтті.
Іс-шараға республикалық Халық бірлігі жылы аясында Беларусь Республикасы Ұлттық кеңесініңөнеркәсіп, отын-энергетикалық кешен жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі, депутат Денис Николаевич Карась бастамашылық етті.
Шушада Гейдар Әлиев қоры ұйымдастырған «Музыкалық мұра және Джыдыр дюзюдегі қарабақ жылқылары» композициясы таныстырылды
15 маусымда Шушада Гейдар Әлиев қорының қолдауымен «Музыкалық мұра және Джыдыр дюзюдегі қарабақ жылқылары» музыкалық композициясы ұсынылды.
Музыкалық композицияны Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев, бірінші ханым Мехрибан Әлиева және Түркия Республикасының Президенті Реджеп Тайып Ердоған, бірінші ханым Әмина Ердоған тамашалады.
Іс-шара барысында Түркия Республикасының Президенті Реджеп Тайып Ердоғанға ежелгі жылқы тұқымдарының бірі – «Зафар» қарабақ жылқысы және «Харыбюльбюль» композициясы сыйға тартылды. «Харыбюльбюль» композициясында Қарабақтың символы болып саналатын харыбюльбюльдің екі гүлі біріктірілген, бұл Әзербайжан мен Түркия арасындағы мәңгілік достық пен бауырластық қатынастарды бейнелейді.
Бұдан бөлек, Шушада ұйымдастырылған іс-шараның қонақтарына Гейдар Әлиев Қорының«Қарабақтың мәдени мұрасы» атты басылымдар жинағы сыйға тартылды. Жинаққа әдебиет, музыка, сәулет, халық шығармашылығы және кілем тоқу өнері саласынан сыр шертетін жекелеген басылымдар топтастырылған. Шушаға келген қонақтарға естелік медальдар табыс етілді.
Гейдар Әлиев қоры Шушада «Қарабақтыңмәдени мұрасы» басылымын ұсынды
Гейдар Әлиев қоры «Қарабақтың мәдени мұрасы» атты басылымдар жинағын дайындады. Жинаққа әдеби, музыкалық, сәулет, халық шығармашылығы мен кілем тоқу өнерін бейнелейтін бес басылым енген.
«Халық шығармашылығы» басылымында әзербайжан халқының бай халық шығармашылығында оның өмірі мен тұрмыс-тіршілігімен астасқан құнды қазына халық қолөнері туралы ақпарат берілген.