ПРЕЗИДЕНТ КІТАПХАНАЛАРЫ, ОРТАЛЫҚТАРЫ МЕН ҚОРЛАРЫ ТУРАЛЫ ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫНЫҢ ДАЙДЖЕСІ (ҚЫРКҮЙЕК, 2021)

Джон Кеннеди атындағы кітапхана қоры мен Earthshot Prize серіктестік орнатты

13 қыркүйекте Джон Кеннеди атындағы кітапхана қоры The Earthshot сыйлығымен серіктестік құрғанын хабарлады. Принц Уильям мен Корольдік қор 2020 жылы құрған Earthshot сыйлығы 1962 жылы президент Джон Кеннедидің Райс университетінде сөйлеген сөзіне негізделіп, 2030 жылға қарай планетаны қалпына келтіруге көмектесу үшін әлемдегі ең үлкен экологиялық мәселелерді шешудің жаңа әдістерін табуға, атап өтуге және кеңейтуге ұжымдық әрекет пен оптимизм рухын бағыттауға бағытталған.

Earthshot сыйлығы - бұл тарихта ең беделді экологиялық сыйлық, оны 2020 жылдың қазанында ханзада Уильям мен Корольдік қор планетамызды келесі он жыл ішінде қайта құру үшін ең жақсы шешімдерді табу және ауқымды ету үшін тағайындады. Бүгінде The Earthshot Prize 200-ден астам адам мен ұйымдардың түрлі коалициясын біріктірді, олардың құрамына қоршаған ортаны қорғауға бейімделген ықпалды адамдар кірді.

https://www.jfklibrary.org/about-us/news-and-press/press-releases/john-f-kennedy-library-foundation-announces-partnership-with-the-earthshot-prize

 

АҚШ-тың азаматтық құқықтары бәріне ортақ

Джимми Картер кітапханасы 3-5 сынып оқушыларына Конституция мен Конституциялық ережелер бағдарламасын жүргізеді. Тікелей, интерактивті вебинарларға қатыса отырып, оқушылар:

● Конституцияның не екенін және оның Құрама Штаттарға не үшін керегін түсініп;

● Конституцияны өмір мен қоғаммен байланыстырып;

● Биліктің үш тармағын және олар орындайтын негізгі функцияларды анықтап;

● Ақпарат көздерін талдай алады.

https://www.jimmycarterlibrary.gov/events?csrf_token=7aa4106f982902fe7558bc9e345e2d5806e22487&csrf_token=7aa4106f982902fe7558bc9e345e2d5806e22487&month=09&year=2021

 

Америкалық демократияға деген жаңа көзқарас: сайлауды қамтамасыз ету

Ай сайын жетекші сарапшылар, саясаткерлер, бизнес және дін қайраткерлері, журналистер мен белсенділер бір-бірімен заманымыздың ең өзекті мәселелерінің бірі – америкалық демократияның болашағы виртуалды серияда талқылайды.

Кезекті шараға Аризона штатының хатшысы Кэти Хоббс, Кәсіби этика комиссары Стивен Рид, Google Jigsaw зерттеу және даму жөніндегі директоры Ясмин Грин, АҚШ-тың сайлауды насихаттау жөніндегі комиссары Томас Хикс және Ұлттық дауыс беру институтының атқарушы директоры Эмбер МакРейнольдс, журналист және CNN телеарнасының бұрынғы тілшісі Жанна Месерв Американың дауыс беру инфрақұрылымын қозғап, болашақта оның қауіпсіздігі мен тұтастығын қамтамасыз ету міндеттерін сессияда ортаға салады.

https://www.bushcenter.org/exhibits-and- events/events/2021/09/reimagining-democracy-securing-elections.html

 

Джордж Уокер Буштың президенттік орталығы иммиграцияға арналған подкастты іске қосты

Иммиграция әрқашан АҚШ тарихының маңызды бөлігі болды. Бірақ иммигранттардың құндылығы тұлғалық қасиеттерімен шектелмейді. Джордж Уокер Буш президенттік орталығының АҚШ тарихындағы жаңа подкастында иммигрант балалармен сұхбат орнатылып, отбасылық шежіресіне көз жүгіртіледі. Осылайша жаңа америкалық отбасылардың сан алуандығы қоғамдастықты ұрпақтан-ұрпаққа қалай нығайтқанын көрсетпек.

Америка Құрама Штаттарының тарихы - Буш институтының иммиграция мәселелері бойынша батыл саяси шешімдерді ұсынатын кең көлемді саяси жұмысының бөлігі. АҚШ-тың бұрынғы президенті Джордж Буш айтқандай: «Негізінде иммиграция - сенімді және табысты ұлттың белгісі. Иммигранттардың таланты, олардың еңбекқорлығы мен бостандыққа деген сүйіспеншілігі бізге әлемдік көшбасшы болуға көмектесті».

https://www.bushcenter.org/about-the-center/newsroom/press-releases/2021/09/immigration-the-story-of-us.html

 

Александрия кітапханасы «Алғаш» көрмесін ұйымдастырады

Александрия кітапханасының көркем көрмелер мен коллекциялар бөлімі 2021 жылдың 9 қыркүйегінде бейсенбіде «Алғаш» көрмесінің 15-ші айналымын ашады.

Биыл Александрия кітапханасында жас суретшілер мен олардың туындыларын қолдау мақсатында Александрия мен Танта қалаларының 24-35 жас аралығындағы 13 суретшісін ұсынады.

https://www.bibalex.org/en/news/details?documentid=40280&page=3

 

Александрия кітапханасында «Дәуір және әйел» онлайн курсы өтті

Александрия кітапханасында 2021 жылдың 21-23 қыркүйегі аралығында «Дәуір және әйел» тегін онлайн курсы өтті.

Курс үш дәрісті қамтиды. Іс-шараға Ежелгі жәдігерлер мұражайының меңгерушісі және Египтология орталығы директоры Захи Хавас пен доктор Хусейн Абд аль-Бассир; баспа маманы және Ежелгі мұражай директорының орынбасары міндетін атқарушы, доктор Галал Рефай; ислам көне дәуірінің маманы доктор Кәрім Хамза қатысады.

Дәрістер ежелгі Египет өркениетінен бастап грек-рим және ислам кезеңдеріне дейінгі аралықта әйелдердің новаторлық рөліне арналған. Қатысушылар курсты Александрия кітапханасының бөлімдері мен коллекцияларына экскурсиямен аяқтайды, сонымен қатар арнайы қосымша ретінде көне мұражайға экскурсия жасайды.

https://www.bibalex.org/en/news/details?documentid=40288&page=2

 

Александрия кітапханасының директоры Оңтүстік Корея елшісін қабылдады

2021 жылғы 28 қыркүйекте Александрия кітапханасының директоры, доктор Мостафа эль Фехи Оңтүстік Кореяның Мысырдағы елшісі Е.П. Хонг Джин Укті қарсы алды.

Эль Фехи Египет пен Оңтүстік Корея арасындағы берік байланыстарға тоқталып, Оңтүстік Кореяның өндіріс пен ақпараттық технологиялар саласындағы ірі жетістіктерін атап өтті.

Елші Хонг Джин Ук Египет пен Оңтүстік Корея арасындағы, әсіресе мәдениет саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге қызығушылық танытып, Александрия кітапханасымен серіктестіктің маңыздылығын атап өтті.

Кездесу соңында доктор Эль Фехи Елші Хонг Джин Укқа кітапхана кітаптарын сыйға тартты.

https://www.bibalex.org/en/news/details?documentid=40298&page=1

 

ЖТК – болашаққа қадам

Екатеринбургтегі Ельцин орталығында, Свердловскідегі «ZAART» қазіргі заманғы өнерді қолдау және дамыту орталығының «ЖТК-1980» жобасы аясында көркем сурет көрмесі мен зерттеу көрмесі ашылды.

Жобаның мақсаты - жастардың тұрғын үй кешендері (ЖТK) қозғалысының тарихына, бірегей әлеуметтік тәжірибесіне, сондай -ақ тұрғын үй құрылысы саласындағы заманауи бастамаларға назар аудару. Жоба «Бізді не жақсартады» және «Жердегі орын» көрмелерін, қоғамдық және балаларға арналған бағдарламаларды, театр қойылымдарын, көркемдік интервенциялар мен экскурсияларды қамтиды.

https://yeltsin.ru/news/MZhK-kak-shag-v-mir-budushego/

 

Беларусь Республикасы тергеу комитетінің біліктілікті арттыру және қайта даярлау институтымен ынтымақтастық

2021 жылы 15 қыркүйекте Беларусь Республикасының Президенті кітапханасына Беларусь Республикасы Тергеу комитетінің біліктілікті арттыру және қайта даярлау институты өкілдері келді.

Сапардың мақсаты - Беларусь Республикасы Президенті кітапханасы мен Беларусь Республикасы Тергеу комитетінің біліктілікті арттыру және қайта даярлау институты арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қою.

Тиісті келісімге «Беларусь Республикасының Президенттік кітапханасы» ММ директоры Сергей Иванович Квачан мен Беларусь Республикасы Тергеу комитетінің «Біліктілікті арттыру және қайта даярлау институты» оқу орнының бастығы әділет полковнигі Юрий Францевич Каменецкий қол қойды.

https://www.preslib.org.by/news/type1/sotrudnichestvo-s-institutom-povysheniya-kvalifikacii-i-perepodgotovki-sledstvennogo-komiteta-respubliki-belarus

 

 

«9 қыркүйек - Тәжікстан Республикасының тәуелсіздік күні» көрмесі

2021 жылы 9 қыркүйекте Минскіде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының атқарушы комитетінде Тәжікстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Тәжікстан Республикасы мен Беларусь Республикасы дипломатиялық қатынастарының 25 жылдығына арналған халықаралық конференция өтті.

Оның аясында Беларусь Республикасы Президенті кітапханасының ТМД атқару комитетіндегі шығарылым пунктінде тақырыптық көрме ұйымдастырылды.

https://www.preslib.org.by/news/type1/vystavka-9-sentyabrya---den-nezavisimosti-respubliki-tadzhikistan

 

 

Дөңгелек үстелде кітапханалардағы маркетинг талқыланды

2021 жылдың 9 қыркүйегінде Беларусь Республикасы президентітк кітапханасында «Кітапханалардағы маркетингтік қызмет: ұйымдастыру, негізгі бағыттар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Шараға «Беларусь мемлекеттік мәдениет және өнер университеті» білім беру мекемесінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау курстарының тыңдаушылары қатысты.

Дөңгелек үстелге қатысушылар Беларусьтің қоғамдық кітапханаларында қолданылатын маркетингтік стратегияны ұйымдастыру мен дамытуға қатысты өз ойларымен, жоспарларымен және озық тәжірибелерімен бөлісті.

https://www.preslib.org.by/news/type1/marketing-v-bibliotekah---obsuzhdenie-na-kruglom-stole