Президент институтының тарихы туралы архивтік материалдар        

Елбасы кітапханасының жеке архивінде президенттік институттың  қалыптасуы туралы тарихи құжаттар сақталған. Мысалы, Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесінің бірінші сессиясында қабылданған «Қазақ КСР-і Президентін бекіту және Қазақ КСР (Негізгі Заң) Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Заңы. Заңда Президенттің міндеттері мен өкілеттілігі, президент басқаруының институционалдық құрылымы анықталған.

1990 ж. 24 сәуіріндегі Казақстан Компартиясының ОК Пленуымында Қазақ КСР-і Президенттігіне кандидат ретінде ұсыну туралы қаулының жобасы дайындалады. Оған сәйкес, Қазақстан Компартиясы ОК бірінші хатшысы Н.Ә. Назарбаевты Қазақ КСР-нің Президенті қызметіне тағайындау туралы ұсынысы жасалып, шешім бірауыздан қабылданды.

закон1

 

Сонымен қатар, Кітапхананың жеке архивінде сақталған Қазақ КСР-нің Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 1990 ж. 24 сәуірде өткен республиканың Жоғарғы Кеңесінің бірінші сессиясында сөйлеген сөзі құнды: «Жаңа ғана жоғары дәрежеде ерекше маңызды шара іске асырылды. Қазақстан тарихында алғаш рет Жоғарғы Кеңес Қазақ КСР-нің Президенті қызметін бекітті. Маған аса жоғары және өте маңызды міндет жүктелді... Президенттік институтты  енгізу – жалпыкеңестік құрылымды «соқыр көшіріп алу емес» деп оған дейін де айтқан едім. Өмірдің өзі атқарушы билікті нығайтуды бастауды, барша замануи мемлекеттік механизмді үйлестірілген және тиімді қызметпен қамтамасыз етуді талап етеді...».

Кітапхананың архивтік материалдары арасында – Қазақ КСР-нің Президенті Әкімшілігінің бірінші штаттық кестесі және басқа да ұйымдастыру құжаттары бар.  

Келтірілген материалдармен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының жеке архивінің оқу залынан танысуға болады.