Павлодар және Қостанай мемлекеттік университетінің студенттері «Әлемді өзгертетін идеялар» жобасы аясында оқудан өтті

2016 жылдың 8-9 ақпанында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасында «Әлемді өзгертетін идеялар» жобасы аясында жоспарлы семинар-тренингі болып өтті. С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті мен А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің үздік студенттері екі күн ішінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Кітапханасының ғылыми қызметкерлерінің дәрісін тыңдады.

Семинар жұмысының бағдарламасы бойынша студент жастар практикалық тапсырмаларды орындады, эсселер жазды, пікірталастарға қатысты, сондай-ақ елорданың көрікті жерлерін аралады.

0U3A7485

Бұдан басқа, жас активистер Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіз Қазақстан символдары» атты әртүрлі форматтағы іс-шаралар топтамасының тұсаукесер кеңесіне де қатысты.

Студент жастарды басқарып келген жетекшілер – өңірлік жоғары оқу орындарының қызметкерлері семинар-тренингтің тиімділігін ерекше атап өтті.   

А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің Жастар бастамаларын дамыту орталығының директоры Болат Қалиев өз әсерлерімен бөлісті: «Бізге кездесу форматы өте қатты ұнады, күрделі материалдар әдістемелік тұрғыдан қызықты және қолжетімді түрде ұсынылды. Бұл формаларды өз жұмысымызда міндетті түрде қолданамыз. Университетке келгеннен кейін біз осындай тренингтер өткіземіз. Қазір біз жерлестеріміз және әріптестерімізбен әлеуметтік желідегі парақшаларымыз арқылы және кейін студенттік «Жастар» телеарнасы, радиосы және облыстық журнал бетінде алған жаңа білімдерімізбен бөлісетін боламыз».

0U3A7443

С.Торайғыров атындағы ПМУ-дың энергетика факультеті деканының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Дәурен Исабеков:

– Біздер және студенттер үшін семинар мол ақпарат берді, біз тың жаңалықтар алдық. «Кемел Ел» орталығының идеялары біздің өңірде де кең түрде насихатталады. Ұлт жоспары қазақстандықтардың барлық саладағы қызметін қамтиды, сондықтан жастардың Ұлт жоспары мазмұнын терең түсінгені өте маңызды. Алдағы уақытта Елбасы кітапханасымен одан әрі ынтымақтастықта жұмыс жасаймыз деген ойдамын, - деді.

С.Торайғыров атындағы ПМУ-дың энергетика факультетінің 3 курс студенті Айдана Раханова барша студенттер атынан семинарды ұйымдастырушыларға алғысын айтты.  

0U3A7647

– Елбасының алдымызға қойған реформалары туралы көп мәлімет алдық. Бүгін біз Ұлт жоспарын егжей-тегжейлі және терең талқыладық. Маған Қостанай университетінің студенттерімен пікірталасқа қатысу өте қатты ұнады. Мен Елбасы кітапханасына алғаш келіп отырмын. Осы жерде жұмыс жасайтын қызметкерлердің жоғары кәсіби біліктілігіне таң қалдым. Оларға айтарым зор алғыс, - деді ағынан жарылған Айдана.   

Семинар аяғында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы директорының орынбасары Ж.І. Қуанышев студенттерге сертификаттар мен «Біздің Президент» атты естелік кітаптарын сыйлады. Марапаттау рәсіміне құрметті қонақ ретінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының атқарушы директоры С.Т. Нұраханов қатысты.  

0U3A7736