Бұл тақырыпта өткен онлайн-дәрісті Әлеуметтік-ағартушылық және білім беру жобалар қызметінің жетекші ғылыми қызметкері Аслан Әзербаев оқыды. Павлодар облысындағы тарих пәнінің оқытушылары, әдістемешілері мен кітапханалар өкілдеріне оқылған дәріс «Тарихқа тағзым күніне» орайластырылған «Тарихы терең Наурыз» тарихи экскурсының аясында өтті.
Педагогтар қауымын Қазақстан мен өзге мемлекеттердегі Наурыз мерекесінің шығу тарихымен таныстырып, ұлттық бірегейлікті пен құндылықтарды нығайту мақсатында іс-шараны С.Торайғыров атындағы Павлодар облыстық кітапханасы мен Павлодар облысының Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы ұйымдастырды.
«Наурыз – табиғаттың қайта түлеп, жаңаратын кезі. Бұл кезеңде табиғатпен бірге адамдар да рухани «жаңарады». Себебі Наурыз – бірліктің, татулықтың, еңбектің, ізгіліктің, бақыттың мерекесі. Наурыз мерекесінде жақсы тілек тілеу, құттықтау, кешірім жасау, табысу сияқты адамгершілік қасиеттер көрініс табады. Оның айрықша тәлім-тәрбиелік, үлгі-өнегелік, сән-салтанаттық, мәрт-жомарттық, қадір-қасиеттілік нышан белгілері мен таным ұғымдарының үлгі түрлері өте көп. Мұның барлығы әр адамды жоғары саналылыққа, әдептілікке, өнегеге, бауырмалдыққа, көргенділікке, ізгілік пен білімділікке баурайды.
Қазақша «Наурыз», татарша – «Нәүрүз», башқұртша – «Науруз», қырғызша – «Нооруз», түркменше – «Новруз» деп аталатын мерекенің атауы парсы тілінен шыққан. نوروز сөзі «Жаңа күн» деген мағынаны білдіреді. Қызығы, Наурыз мерекесін көшпелі түркі жұрты зороастризм сенімінен бұрын тойлаған.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 1991 жылғы 15 наурыздағы жарлығымен Наурызды елімізде ресми мерекелене бастады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Рухани жағыру» бағдарламасын жүзеге асырудың жалғасын тапқан «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласында Наурыз мейрамының ұлттық құндылықтар арқылы қоғамдық бірлік пен тұрақтылықты сақтаудағы маңыздылығын атап өтті», - деді А.Әзербаев.
Тарих ғылымдарының докторы, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры М.Алпысбес, Омбы облысының Қазақ ұлттық мәдени орталығының президенті Ж.Бекмағамбетов, Г.Н.Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінің бөлім меңгерушісі Д. Опабекова да баяндама оқыды.
Сонымен қатар, А. Азербаев Нұр-Сұлтандағы Менеджмент және бизнес колледжінің студенттеріне «Ұлы ұлы күні - Жердің ұлы күні» атты дәріс оқыды.

