ӨТКЕНГЕ САЯХАТ. ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ МУЗЕЙІНДЕГІ ДӘРІС

Бүгін Елбасы кітапханасы Музейінің ғимаратында № 78 мектеп-гимназиясының оқушыларына арналған «Қазақстанның сәндік қолданбалы өнері» дәрісі өткізілді.

Қазақстанның сәндік қолданбалы өнері көшпелі өмірдің салт-дәстүрімен тығыз байланысты халық шығармашылығының маңызды саласы болып табылады. Сәндік қолданбалы өнерінің үлгілері эстетикалық мұра ғана емес, сондай-ақ халықтың белгілі бір тарихи кезеңіндегі дүниетанымын, дәстүрін, көркемдік талғамын сипаттайды.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы Ғылыми-қолданбалы зерттеулер қызметінің ғылыми қызметкері Гүлмира Атабаева тыңдаушыларды Қазақстанның сәндік-қолданбалы өнері түрлерімен таныстырып, олардың ұлттық ерекшелігі мен терең көркемдік мазмұнын атап көрсетті.

Дәріс барысында Кітапхана музейі қорынан жәдігерлер көрсетілді. Мектептегі дәстүрлі сабақтарынан айырмашылығы оқушылар тактильді әдіс арқылы музей бұйымдарын ұстап көруге, сирек жәдігерлерді толық қарауға мүмкіндік алды. Домбыраның пайда болғаны жайлы аңыз және оны жетілдіру кезеңдерінің тарихы балалардың ерекше қызығушылығын туғызды.

Дәріс аяқталғаннан кейін Президенттің Астана қаласындағы алғашқы резиденциясының ғимараты бойынша оқушыларға экскурсия жүргізілді.