ОТАНДЫ СҮЮ САБАҒЫ

Ағымдағы жылдың 25 қыркүйегінде Нұр-Сұлтан қаласындағы №83 «Жансая» балабақшасының жас тәрбиеленушілері үшін «Музей және балалар» ғылыми–білім беру жобасы аясында «Менің шежірем – ел тарихының бір бөлігі» тақырыбында танымдық сабақ өтті.

Іс-шара ұйымдастырушылары көшпелі қоғамның әскери тарихының жарқын беттерін ашуға мүмкіндік беретін тақырыпқа жүгінді.

Сабақ барысында қазақ батырларының жанкешті ерліктерін зерделеген балалар туған жерінің, «кіші отанының» сұлулығы мен байлығы туралы сөз қозғады.  

Тактилді әдістерді пайдалану сабақты жандандырып, қатысушылардың қызығушылығын арттыруға мүмкіндік берді. Батырлардың әскери сайманының басты белгісі – белдікті жасаған балақайлар өздерін сәндік-қолданбалы өнер шеберлері ретінде сезінді. Іс-шара аяқталғаннан кейін балақайлар алған әсерлерімен қуана бөлісті.

 

Сергей Карапетян (5 жаста):

– Мен бұрын нағыз қылышты көрмеппін.

Маған қаруды қолыма алып көргенім ұнады. Қылыштар өте әдемі әрі ауыр екен.

Мен Отанымды қорғау, сүю қажеттігін және батырлар туралы білдім..

 

 

Аяна Диян (5 жаста):

– Маған сабақ қатты ұнады.

Мен Қарасай, Бөгенбай, Қабанбай батырлардың ерліктері туралы білдім.

Балабақша тәрбиешілері мен әдіскерлері сабаққа жоғары баға берді.

 

 

Гүлжан Төлепбергенова, балабақша тәрбиешісі:

– Балалар да, тәрбиешілер де аса жағымды әсер мен жаңа мағлұмат алды. Біздің балалар қазақтың ұлы батырларының ерлігімен, көшпелі қоғамдағы батырлар институты тарихымен және рөлімен танысты. Балалар көптеген сұрақтар қойып, сабақта жылышырайлы және сындарлы ақуал қалыптасты. Балалардың жас ерекшеліктерін ескере алуан түрлі әдістемелік әдіс-тәсілдер қолданылғанын атап өткім келеді. Балалар музейдің сирек экспонаттарын көріп қана қоймай, қолдарына да алып көрді. Батырлардың сауыт-сайманы мен қару-жарағын тамашалаған балалар ерекше әсерде болды. Музей мен балабақшаның осындай қарым-қатынасы әдістемелік тұрғыдан қызықты, тәрбиелік жағынан тиімді. Біз балабақша ғимаратынан шықпай бірегей музейлік қорларды тамашалауға қол жеткіздік.

    

Елбасы кітапханасының басшылығы мен қызметкерлеріне жоғарыда аталған танымдық іс-шараны ұйымдастырғандары үшін зор алғыс айтамыз. Ынтымақтастық одан әрі жалғасады деп үміттенеміз. Сәттілік пен табыс тілейміз!