Елбасы кітапханасының «Музей және балалар (кішкентай балаларға арналған әліппе-жол көрсеткіш)» ғылыми-ағартушылық жобасы аясында №11 «Гаухар» балабақшасының тәрбиеленушілері үшін «Экспонаттар сөйлейді...» сериясынан «Менің шежірем – елімнің шежіресінің бөлшегі» тақырыбында музей онлайн – сабағы өткізілді.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев өз сөздерінің бірінде: «Бүгінгі таңда отбасының, балабақшаның, бүкіл елдің, халықтың міндеті – қазіргі заманның талабына сәйкес келетін, жан-жақты дамыған, тереңнен ойлауға қабілетті, қалыптасқан ұлттық сана мен ұлттық психологияны тәрбиелеу, және оқыту», – деп атап өткен еді.
Отанға деген сүйіспеншілік ең жақын адамдарға – әкеге, анаға, өз үйіне, сіз тұратын көшеге, балабақшаға, мектепке, қалаға деген оң көзқарасты қалыптастырудан басталады. Сондықтан бұл сабақ балаларды өз халқының мәдениетімен таныстыруға, ата-аналарға, өз отбасына деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімін тәрбиелеуге бағытталды.
2019 жылғы педагогика қызметкерлерінің «Дамыған мемлекеттің кілті – сапалы білім беру» атты конференциясында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев былай деді: «Педагогтардың және ата-аналардың басты міндеті – еліміздің лайықты азаматтарын тәрбиелеу. Лайықты азамат деп Отанымыздың игілігі үшін қажетті білім базасымен қамтылған адамды айтамыз. Лайықты азамат – Қазақстанның нағыз патриоты».
Сабақ барысында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің жеке мұрағатынан алынған фотосуреттер пайдаланылды.
«Сабақ тамаша атмосферада өтті. Әр түрлі жұмыс түрлері, соның ішінде дидактикалы ойындар көрсетілді. Балалар шежіре ұғымымын түсінді. Елбасының шежіре кестесімен танысып, оның ата-бабасы Қарасай батыр екенін білді. Тәрбиеленушілерге өздерінің ата – бабалары туралы ақпарат жинауға, шежіре кестесін құруға және өз сыныптастарымен көтерілген тақырып бойынша ой алмасуға кеңес берілді», – деп атап өтті балабақша тәрбиешісі Айнура Қараулова.
