Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы қорғаныс саласын күшейтуге ерекше мән беріп келеді. Өйткені Қазақстанның ұлттық мүдделерінің сенімді қорғалуы мен қорғаныс әлеуетінің артуы – елдің тұрақты дамуының, біздің азаматтарымыздың берекелі тірлік кешуінің негізі.
Біз өз өмірін Отан қорғау сынды жауапты кәсіпке арнаған және бүгінде аға буынның дәстүрін абыроймен жалғастырып, еліміздің әскери қуаты мен қорғаныс қабілетін еселеуге үлес қосып жүрген барша азаматтарды құттықтаймыз.
Еліміз бен халқымыз өсіп, өркендей берсін!
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері жасасын!