Елордадағы №68 мектепте «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев: тарихи тұлғаның қалыптасу кезеңдері» атты дәріс сабағы өтті. Тұңғыш Президент күніне арналған іс-шара оқушыларға Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірі мен қызметі туралы қызықты ақпараттарды білуге мүмкіндік тудырды. Әсіресе Елбасының мектеп кезіндегі суреттері, спорттағы жетістіктері туралы әңгімелері, әлемнің алғашқы ғарышкері Юрий Гагаринмен кездесуі және т.б үлкен қызығушылық тудырды.
Дәріс сабақтары Тұңғыш Президенттің бейнесін тек саясаткер ретінде ғана танытып қоймай, ашық, қуатты тұлға, сарабдал, көреген жан ретінде де көрсете алды. Оқушылар оның мектеп кезі, спорттағы жетістіктері, қытайлық жас мұғалім Чжоу Бай Сяомен жазысқан хаттары, Кеңес Одағының үздік жастарымен бірге съездер мен фестивальдерге қатысуы, соның бірінде жас Н.Ә.Назарбаевтың әлемнің тұңғыш космонавты Юрий Гагаринмен жүздесуі туралы білді. Бұл 1962 жылы ..... XIV съезінде және Хельсинкиде «Бейбітшілік пен достық үшін» деген ұранмен өткен Жастар мен студенттерлің жалпыәлемдік фестивалінде болған еді.
Сабақ барысында дәріскер, Елбасы кітапханасының жетекші ғылыми қызметкері Ләйлә Омарова Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Жеке мұрағатынан, сондай-ақ Елбасы кітапханасы қызметкерлерінің Нұрсұлтан Әбішұлының туған мекені Қаскелен, Шамалған, Үшқоңырда, сондай-ақ Теміртау, Қарағанды, Днепродзержинскте жүргізген ғылыми-ізденіс экспедициялары нәтижесінде жинақталған материалдарды ұсынды.
Мектеп оқушыларымен кездесу «Елбасытану» элективті курсының аясында өтуде, сондай-ақ бұл курс аясында мектеп оқушылары Қазақстанның Тұңғыш Президентінің замандастарымен, курстастарымен, сыныптастарымен кездеседі.
Дәріс соңында №68 мектептің тәрбие ісі бойынша меңгерушісі Жанат Рүстемова Елбасы Кітапханасының қызметкерлері мен басшылығына мазмұнды іс-шара үшін алғысын жеткізді:
Бұл дәріс бізге еліміздің тарихына, интеграциялық және бітімгерлік идеялардың бастамашысы, Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өмір жолына көз тастауға мүмкіндік берді. Елбасының тұлғасы келер ұрпаққа үлгі болуы тиіс. Дәрістің атмосферасы өте керемет болды, балалар сұрақтарға ынталана жауап беріп, өздері де Елбасының өмірі туралы сұрақ қойды.
Нұрсейіт Қалдыбек, №68 мектеп гимназиясының 8 сынып оқушысы:
Қазақстанның Тұңғыш Президентінің өмірбаянын білу өте қызық, әсіресе оның басынан өткен қиын кезеңдері туралы. Оның ата-анасы бойына сіңірген құндылықтары туралы – еңбекке, Отанға, еңбеккерлерге деген құрмет, ол мұның бәрін өмір бойы бойында сақтаған.
Алуа Кеменбек, №68 мектеп гимназиясының 8 сынып оқушысы:
- Біз Елбасының өмірбаянын елде кез келген өзгерістің не үшін болғанын, Тұңғыш Президенттің стратегиясын не анықтағанын білу үшін оқимыз. Біз ертең өскенде өз балаларымызға қазіргі заманның ең ұлы саясаткерлерінің бірі Н.Ә.Назарбаевтың біздің егемен елдің іргесін қалай қалағаны туралы айтып беретін боламыз.


