Орталық Азиядағы көші-қон: ұсыныстар мен тұжырымдар

Елбасы кітапханасындағы жоғары деңгейдегі сарапшылардың өңірлік дөңгелек үстелі қорытындыланды. Келелі жиынға қатысушылар екінші күні кері көші-қонға және қайта оралатын мигранттардың реинтеграциясына ықпал ететін тәуекелдерді бағалау және қолданылу талқыға салынды.

0U3A8344
– Тәуекел теориясы мигранттармен және мигранттармен байланысқа шығатын, олардың мәселелері бойынша ақпарат жинайтын ҮЕҰ жұмыстың ортақ тәжірибесі негізінде түзілді. Оның нәтижесін мигранттардың қажеттіліктерімен жұмыс жасайтын үкіметтер қаперге алуы мүмкін, - деп түсіндірді МХҰ халықаралық жетекші сарапшысы Петр Казмеркевич.

0U3A8347
Мигранттардың адасып, теріс пиғылды ағымдардың қатарына кіру мәселесі де бей-жай қалмады. Сарапшылар оның түп тамырын әлеуметтік-психологиялық негіздермен сабақтастырды.
– Мигранттардың радикалдану мәселесін зерттеп, діннің тек құрал ретінде пайдаланылатынын айта кеткен жөн. Дінге қарағанда жұмыссыздық пен сыбайлас жемқорлық іспетті әлеуметтік және саяси факторлардың ықпалы басымырақ, - деп сөзін түйіндеді «Самандар» тәжік ұйымдары қауымдастығының төрағасы Абдулло Габатов.

0U3A8343
Ресейде мигранттармен жұмыстың нақты жүйесі қалыптасуда. Оған ҮЕҰ дені назар аударып, әлеуметтік бейімдеу мәселесімен айналысады. Мәселен, Новосібір қаласында өзбек мигранттарының түйткілдерін тарқатуға бет бұрған қос ұйым бар.
Қырғызстандағы МХҰ кеңсесінің басшысы, бағдарламалардың ұлттық үйлестірушісі Бермет Молдобаеваның сөзінше, Қырғыз Республикасында мигранттарға жәрдем беру және елдің диаспоралармен байланысын күшейту мақсатында түрлі мемлекеттердегі диаспоралар өкілдерін тарту тетіктері үкіметтік деңгейде құрылған.

0U3A8346
Көші-қон саясаты мәселелеріне қатысты жоғары деңгейдегі сарапшылар үшінші мәрте Елбасы кітапханасында тоғысты. Бұл жолғы дөңгелек үстел жұмыстарының нәтижелеріне сәйкес Орталық Азиядағы көші-қон саясатын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірленді.
Көші-қон бойынша халықаралық ұйым өкілдері мен өзге халықаралық ұйымдардың қатысушылары шараны ұйымдастыру және өткізу жұмыстарына қатысты Елбасы кітапханасына алғыс білдіріп, әлеуметтік және экономикалық көші-қон ықпалының мәселелері бойынша жемісті, бірлескен жұмысқа ниеттерін танытты.