Бүгін Елбасы кітапханасының музейінде елордадағы №88 мектеп-гимназиясының және №65 мектеп-лицейінің оқушыларына «Нұр-Сұлтан – бейбітшілік пен татулық мекені» тақырыбында дәріс өткізілді.

Сабақ барысында бас қаланың тарихы, құрылуы мен дамуы туралы баяндалды. Дәріскер қазіргі таңда ел астанасының әлемдік экономикалық әрі мәдени өркендеудің халықаралық диалог алаңына айналғандығын тарқатып айтты.
Оқушылар назарына Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының қорындағы архивтік материалдар ұсынылды.

– Қазақстанның әсем астанасы Нұр-Сұлтан қаласы – бейбітшілік пен келісімнің мекені. Мемлекетіміздің көпұлтты халқының татулығы – біздің еліміздің ең басты байлығы. Бүгінгі дәрісте оқушылар астанамыздың тарихына терең бойлап, ой-өрістерін кеңейте білді. Осындай тағлымы мол дәрістерді ұйымдастыра беріңіздер, – деді Нұр-Сұлтан қ. №88 мектеп-лицейінің мұғалімі Алмагүл Ботбаева.