НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ПЕН ЭМОМАЛИ РАХМОН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ – ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНА БАРДЫ

www.akorda.kz

Нұрсұлтан Назарбаев пен елімізге ресми сапармен келген Эмомали Рахмон «Назарбаев орталығы» көпфункционалды кешенінің бір бөлігі болып саналатын Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасын аралап көрді.

Мемлекеттер басшыларына Қазақстан Президенті музейі мен экспозициялық-көрме орталығының экспонаттары көрсетілді.

Соңында екі ел басшылары орталықтың интерактивті білім беру технологиясының заманауи мүмкіндіктерімен танысты.