Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президент кітапханасында «Не? Қайда? Қашан?» интеллектуалдық турнирдің 2023 жылдағы алғашқы іріктеу ойыны өтті.
Жоба Астана мектептерінің 10-11 сынып оқушыларына арналған. Қазақстан тарихын білуге арналған сайыстың мақсаты – оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін, ой ұшқырлығы мен қырағылығын дамытып, сөздік қорын байыту.
Ойынның жаңа маусымын «Марғұлан» (Әлкей Марғұлан атындағы № 40 мектеп-лицейі), «Алаш» (Дінмұхамед Қонаев атындағы № 66 мектеп-лицейі) және «Бірлік» (Смағұл Сәдуақасұлы атындағы № 78 мектеп-гимназиясы) командалары ашты.
Төрт раунд барысында мектеп құрамалары білім мен білгірлік, логика және ойлау жылдамдығымен қатар команданы таныстыру және капитандардың көшбасшылық қасиеттерін көрсете білді. Ойын қорытындысы бойынша № 66 мектеп-лицейінің оқушылары жеңіске жетіп, 174,5 балл еншіледі.
«Алаш» командасы осы жылдың қараша айында өтетін зияткерлік турнирдің жартылай финалына жолдама алды. Келесі іріктеу туры ақпан айында өтеді.