«МУЗЕЙ ЭКОЖҮЙЕСІ: ПАНДЕМИЯ САБАҚТАРЫ» КӘСІБИ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

Бүгін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында «open space» форматында «Музей экожүйесі: пандемия сабақтары» кәсіби сессиясы өтті.

Сессия жұмысына Елбасы кітапханасы  мен ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері, еліміздегі жетекші музей мекемелерінің қызметкерлері қатысты.

Халықаралық музей күніне орай ұйымдастырылған іс-шара бүгінгі сынақтар тұсында Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұрасын сақтаудың, оны зерттеп, таныстырудың өзекті мәселелерін талқылауды көздейді.

«Бүгінгі кездесуіміз – пандемия басталғалы офлайн ұйымдастырылып жатқан алғашқы кездесулердің бірі. Шегінгеніне қарамастан пандемияның өміріміз бен жұмысымызға әсер етіп, түбегейлі өзгерістер енгізгенін мойындау керек. Соңғы екі жылда еліміздегі мәдениет мекемелерінде біраз өзгерістер орын алды. Бұл өзгерістер алдағы уақытта мекемелер қызметіне оң ықпалын тигізбек. Осы орайда біз музей экожүйесіне арналған сессияны өткізу бастамасын ұсындық. Музей қызметі тұрғысынан «экожүйе» келушілерге жайлы, үйлесімді, қолжетімді орта құруды білдіреді. Бүгінгі жиын жаңа ахуал тұсында музейлердің жұмысына практикалық және жүйелі ұсыныстар енгізуді, тәжірибе алмасуды көздейді», - деді Елбасы кітапханасының директоры Бақытжан Темірболат.

«Пандемия арқылы індет тұсында аман қалудың баға жетпес сабағын алдық. Біз жаңа форматта жұмыс істеу тәжірибесіне қол жеткізіп қана қоймай, жаңа тетіктер мен технологияларды енгізуді, ой көкжиегін кеңейту мен мәдениет саласын басқаруды үйрендік», - деді Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев.

Іс-шара аясында Елбасы кітапханасының «Музей құпиялары» қор көрмесі өтті.

Сессия 4 секцияға бөлінді:

• Музей басқару;

• Қор қызметі;

• Экспозиция қызметі;

• Экскурсия қызметі.

Іс-шара аясында Елбасы кітапханасының «Музей құпиялары» қор көрмесі өтті.