«Мұражай, мұрағат және кітапхана мекемелерінің ақпараттық ресурстары» тақырыбында семинар

2008 жылдың 1 желтоқсанында «Мұражай, мұрағат және кітапхана мекемелерінің ақпараттық ресурстары» тақырыбында семинар өтіп, оның аясында «АЖ-Музей» музей қорын есепке алу автоматтандырылған бағдарламасы мен микорграфиялау технологияларының тұсауы кесілді.
     Бағдарламаны «НАТ Қазақстан» АҚ әзірлеген, ол ҚР Тұңғыш Президенті Музейінің қызметіне ойдағыдай енгізілді. «АЖ-Музей» республикада бірінші болып есепке алу-сақтау құжаттарын кешенді түрде жүргізу негізінде музей коллекцияларының, мұрағат материалдарының және кітапхана қорының электронды деректер базасын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Мұражайларға, мұрағаттар мен кітапханаларға ақпараттық технологияларды ендіру мен оларды әзірлеудің өзекті мәселелері бойынша пікір алмасылды. Семинарға қатысушылар мәдениет саласында бірыңғай ақпараттық кеңістік қалыптастыру үшін ресурстық базасы бар негізгі бағдарламалық өнім ретінде «АЖ-Музейге» баға берді.
     Семинар-тұсаукесер жұмысына Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесі бастығының орынбасары Б.Б.Темірболат, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мұрағат және құжаттама басқармасының бастығы Г.Ж. Мұқажанова, республиканың барлық аймақтарының, Астана және Алматы қалаларының 19 мұражай, 14 мұрағат 10 кітапхана мекемелері қатысты.