«Болашаққа жол өзіңнен басталады» семинары – ел дамуындағы өз рөліңе тереңірек үңілуге мүмкіндік берді. Әлем бір орнында тұрмайды, Қазақстанның ертеңі бүгінгіден өзгеше болады. Жастар – прогресстің қозғаушы күші. Біз халықтың өркендеуін ғылымның қыр-сырына ден қоя бастағандармен байланысты екенін түсіндік, - деп ой бөлісті М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті математика және жаратылыстану ғылымдары факультетінің студенті Зәмзәгүл Жұматова.
Елбасы кітапханасының онлайн-форматтағы дәстүрлі семинар-тренингтері Қазақстанның студент жастарының қызығушылығын тудырады. Екі күн ішінде университет студенттері дәрістер тыңдап, тәжірибелік тапсырмаларға толы жұмыстар жүргізеді. Көшбасшы жастар қашанда оқ бойы озық тұрады. Тренингтер барысында олар командалық бәсекелестікті арттырып, пікірталастарға бастамашы болады.
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің тіл және әдебиет институтының студенті Әлихан Махмұтовтың айтуынша, вебинар креативті форматта өтеді, ақпараттық кеңістік сұрақтар мен жауаптарға толы болғандықтан, сабақтың тәжірибелік бөлігі одан да қызықты өтеді екен.
«Осындай іс-шаралар көп болғанын қалаймын. Осы екі күн ішінде мызғымас достық орнатып, ұйымшыл команда құруға ынталандыра алғандарға көп рахмет. Әсіресе, Елбасы кітапханасының оқытушыларына мың алғыс. Осындай кәсіби мамандарды тыңдай отырып, біз білім нәрімен сусындаймыз», – деп алған әсерімен бөлісті Әлихан.
Онлайн сабақ барысында студенттер Тәуелсіз Қазақстанның тарихы, Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы және Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың басқа да бағдарламалық құжаттары мен Жолдаулары туралы білім алды.
Еуразия гуманитарлық институтының «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығы бойынша 3 курс студенті Айдана Есенгелдиева: «Тренинг бәрімізге ой тастап қана қоймай, өз мақсатыңа жету жолында ойлануға және қам-қарекет етуге мәжбүр етті. Маған «Пайда әкелгің келсе – өзіңнен баста» тақырыбында презентация жасаған ұнады. Менің бұрыннан келе жатқан мақсатым – жобаны тек қаланы ғана емес, ауылдық жерлерді де дамыту үшін жасап, іске асыру. Семинар-тренингтің қорытындысы бойынша болашақтағы бірінші міндеттердің айқын көрінісін анықтай алдым. Ең басты мақсатым –диплом алу!».
