«МЕНІҢ ШЕЖІРЕМ – ЕЛІМНІҢ ШЕЖІРЕСІНІҢ БІР БӨЛІГІ» МУЗЕЙ ОНЛАЙН-САБАҒЫ ӨТТІ

2020 жылдың 8 желтоқсанында Елбасы кітапханасының ғылыми-білім беру бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Жәдігерлер сыр шертеді» циклы бойынша музей онлайн-сабағы өтті.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында №89 «Қыз Жібек» балабақшасының бүлдіршіндері үшін «Менің шежірем – менің елімнің шежіресінің бір бөлігі» тақырыбында танымдық онлайн-сабақ жүргізілді. Іс-шара балалардың өз халқының салт-дәстүрін, мәдениетін қастерлеуге бағытталды. Сондай-ақ, балабақша тәрбиеленушілері шежіренің қалай қалыптасатындығы мен оның тарихы жайлы мағлұматтар алды.

Қазіргі уақытта шежіре зерттеу дұрыс үрдіске айналды. Әрбір адамға өз шежіресін білу маңызды екені анық. Жақындарымызға деген сүйіспеншілік, отбасылық дәстүрге адалдық өмірімізді терең мағынамен толтырады.

«Әсемай» мектепалды тобының балалары қызықты онлайн-сабаққа қатысты. Осы шараның арқасында балғын бүлдіршіндеріміз өз шежіресімен кеңінен танысып, шыққан тегі туралы білді», – деп атап өтті балабақша әдіскері Динара Талғатқызы.

Сөз соңында ол сабақ үшін алғысын білдіріп, Елбасы кітапханасымен одан әрі ынтымақтастыққа үмітін білдірді.