«МЕНІҢ ОТАНЫМ - ҚАЗАҚСТАН» МЕРЕКЕЛІК САБАҒЫ ӨТТІ

Қазақстан Республикасы Конституциясы күні мен Білім күніне орай Елбасы кітапханасының музейінде бірінші сынып оқушыларына арналған «Менің Отаным - Қазақстан» мерекелік сабағы өтті. Балалардың алғашқы сабағы мемлекеттік рәміздеріміздің құрылу тарихына арналды. Бүлдіршіндер астанадағы тарихи ғимараттардың ең қызықтысында бірегей экспонаттарды тамашалады.

Сабақ музей ғимаратында ұйымдастырылды. Елорда Ақмолаға көшірілгенде бұл жер 1997-2004 жылдар аралығында ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың резиденциясы болған. Сол уақыттың жұмыс атмосферасы бұл ғимартта толық сақталған. Келушілер Н.Ә. Назарбаевтың жұмыс кабинетін, мемлекет басшылары мен көрнекті қайраткерлермен кездесулер өткен мәжіліс залдарын көре алады.

Елбасы кітапханасы директорының орынбасары Ботагөз Қайыпова жиналғандарға №77 мектеп-гимназиясының бірінші сынып оқушыларын жаңа өмір кезеңінің басталуымен құттықтап, барлығына зор денсаулық пен қажымас қайрат тіледі.

Мерекелік сабақ дәл экспозицияда өтті. Резиденция тұсында оның алдын құрмет қарауылы күзететін. Қазіргі уақытта ол көпшілік назарына мемлекеттік рәміздерді, атап айтқанда 30 тамызда 26 жасқа толатын Әнұран, Елтаңба, Ту және Қазақстан Конституциясын ұсынады.

Нұр-Сұлтан қаласының №1 музыка мектебінің тәрбиеленушілері өнерімен мерекенің сәнін келтірді. Балалар бірнеше ән мен «Шабыт» биін орындап, «Балбырауын» күйін күмбірлетті.

Мерекелік сабақ соңында ұйымдастырушылар іс-шара қатысушыларына оқуға арналған естелік сыйлықтар жинағын сыйлады.