2008 жылдың 12 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің Күмбезді залында «Мемлекеттілік рәміздері» тақырыбында қалалық ғылыми-практикалық конференция болып өтті.
Конференцияға қатысушылар – көрнекті ғылым және мәдениет қайраткерлері, Мәслихат депутаттары, Астана қ. әкімшілігі мен жұртшылық өкілдері Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің қабылдану мәселелерін, олардың қазақстандық патриотизм мен белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастырудағы рөлі мен маңызын, мемлекеттік рәміздерді дұрыс қолдану мен оны насихаттау мәселелерін талқылады.
Конференцияны ұйымдастырушылар – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі, «Әлеуметтік-мәдени бастамалар орталығы» қоғамдық бірлестігі мен Астана қ. Ішкі саясат басқармасы бірігіп, аталған іс-шараға байланысты «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері» атты кітапша шығарылды. Әдістемелік материалдар конференцияға қатысушылар тарапынан кең қолдау тауып, жоғары және орта оқу орындарының оқытушыларына әдістемелік көмекші құрал ретінде ұсынылды.
