МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР – ҰЛТТЫҚ МАҚТАНЫШЫМЫЗ

Елордалық  № 2  мектеп-гимназияның оқушылары  Елбасы кітапханасында өткен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері» атты сабаққа қатысты. Мұнда қатысушылар мемлекеттік рәміздердің пайда болу тарихы және оның  қоғамның саяси өміріндегі маңызы мен рөлімен танысты.

    

Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырамас нышандары. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев өз сөзінде: «Мемлекеттік рәміздер – бұл біздің мемлекетіміздің, біздің егемендігіміздің берік негізінің бірі. Олар Тәуелсіздіктің қасиетті біріктіруші образын білдіреді», - деп атап өткен болатын.

Сабақ барысында дәріскер мемлекеттік рәміздердің әрбір элементі мен тарихи маңыздылығына тоқталып, философиялық мәні туралы дәйекті түрде баяндап берді.  Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Жеке архивінен алынған бірегей фотосуреттер мен бейнематериалдарды пайдалану мемлекеттік рәміздерді жасау жолындағы күрделі үдерісті ашуға мүмкіндік берді.      

Барлық қатысушылар сабақтың танымдылығы мен құндылығын атап өтті. Сол пікірлердің кейбіреуін тыңдап көрсек.

№ 2 мектеп-гимназияның 6 сынып оқушысы Жұбаныш Бертаев:

– Маған сабақ өте ұнады! Мені мемлекеттік рәміздердің көптеген элементтері, әрқайсысының өзіндік тарихы, мәні мен маңызы барлығы таңқалдырды. Маған, әсіресе дәріскердің Мемлекеттік Елтаңбаның 41 элементі туралы айтқаны қатты ұнады.

 

 

№ 2 мектеп-гимназияның 6 сынып оқушысы Диана Асқарбай:

– Бүгінгі сабаққа келгеніме қуаныштымын. Сабақ өте қызықты өтті. Барлық оқушылар барлық сұрақтарға белсенді жауап берді. Маған дәріскердің сабақты жүргізгені ұнады. Елбасы кітапханасына тағы да сабаққа келеміз деп сенемін.