Астана клуб отырысына қатысу аясында Қазақстан Республикасының Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Елбасы кітапханасының Назарбаев орталығында ашқан жаңа экспозицияларымен танысты. Н.Ә.Назарбаевқа жаңа екі экспозиция ұсынылды.

«Н.Назарбаев - жаһандық антиядролық қозғалыстың көшбасшысы» экспозициясы ядролық қару мен ядролық сынақтар өткізуден бас тартуға негізделген жалпыға ортақ қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріндегі Қазақстан Республикасының, оның Тұңғыш Президентінің жаһандық тәсілдемесін танытады
«Н.Назарбаев - жаһандық антиядролық қозғалыстың көшбасшысы» жаңа экспозициясы Елбасы кітапханасы қорындағы архивтік материалдардың, музейлік жәдігерлердің және кітаптар кешенін алғаш рет толыққанды ұсынады, сондай-ақ қызметкерлердің кешенді ғылыми-зерттеу және жинақтау жұмыстарының қорытындыларын көрсетеді. Экспозицияда ядролық қарусыздану мен таратпау ісіне сіңірген үлесі үшін Н.Ә.Назарбаевқа берілген халықаралық марапаттар ерекше орын алған.
Жаңа экспозицияның айырықша ерекшелігі оның мультимедиалығы және интерактивтігі.

Тұтас экспозициялық кеңістік - «Мебиус лентасы» бейнесін пайдалану тұжырымдамалық шешімі арқылы жүзеге асты. Мебиус лентасының тұжырымдамасы күрделі дәуірдің түбегейлі өзгеріске ұшыраған үзіліссіз уақыт ағымын білдіреді.
«Әлем таныған Елбасы» фотогалереясы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қызметі арқылы республикамыздың сыртқы саясаттағы жетістіктерін, оның халықаралық сахнадағы орны мен рөлін жан-жақты айқындайтын архивтік фото және бейне материалдарды ұсынады.
Елбасының Жеке архиві қорындағы фото және бейнематериалдар арқылы Қазақстан Республикасының қазіргі заманғы халықаралық сахнадағы маңызды оқиғалар мен үдерістерге қатысқан сыртқы саяси қарым-қатынастардың көрінісі ұсынылған. Екі жүзден астам суреттер Қазақстан Республикасы Президентінің шетел мемлекеттері көшбасшыларымен орныққан достық ниеттегі қатынастарын паш ететін Қазақстанның дипломатиялық қатынастарының тарихымен таныстырады.
Көрмемен танысу барысында Елбасы «Рухани жаңғыру: болашаққа бастар жол» атты екі күндік семинар бағдарламасы бойынша Елбасы кітапханасына оқуға келген Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің студенттерімен кездесті.
Президенттің өзі «ет бауыр жақын жоғары оқу орным» деп атаған университеттің студенттерімен кездесу жылы сезімдер қалдырды. Еске салар болсақ, Н.Ә.Назарбаев 1962-1965 жылдары Қарағанды политехникалық институты Теміртау филиалының «Қара металдар металлургиясы» мамандығы бойынша металлургия факультетінде оқыған. Аталған оқу орны, 1996 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті болып өзгерді.