Елбасы кітапханасы Экскурсия қызметінің жұмыскерлері елордалық №4, 51, 54, 65, 77, 86 гимназия-мектептер мен №70, 85 мектеп-лицейлердің оқушыларына «Тәуелсіздік жетістіктері» квест-экскурсиясын ұйымдастырды.

«Тәуелсіздік жетістіктері» квест-экскурсиясы қазақстандықтардың кейінгі буынын патриоттық рухқа баулуды, ел егемендігінің мәніне бойлатуды көздейді.

Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына арналған экскурсияның алғашқы екі кезеңі онлайн режимінде өтті. Сұрақтарға тез әрі дұрыс жауап беріп, көп ұпай жинаған топтар Тұңғыш Президент кітапханасы музейінің жаңа ғимаратына, квесттің соңғы айналымына шақырылды.

Жаңа оқу жылымен басталған квест-экскурсиялар циклінің қорытындысы Тұңғыш Президент күні қарсаңында жарияланады. Ең үздік және белсенді қатысушылар мен педагогтер сертификаттар мен сыйлықтармен марапатталады.