МӘДЕНИЕТТІ ҰРПАҚТЫ ТӘРБИЕЛЕУ. ЕЛОРДА МЕКТЕПТЕРІНІҢ МҰҒАЛІМДЕРІНЕ АРНАЛҒАН ШЕБЕРЛІК СЫНЫБЫ

Үстіміздегі жылдың 27 қазанында Елбасы кітапханасында Астана қаласының қоғамдық пәндер мұғалімдеріне арналған «Мәдениет саласының өзекті мәселелері» шеберлік сыныбы өтті. Сөз алған Елбасы директорының орынбасары, саяси ғылымдарының докторы, профессор Әмірхан Рахымжанов:

– Аталмыш шараның маңызы, дәл бүгін сіздер мен біздің арамызда нәтижелі қарым-қатынас орнатып, шеберлік, өнер және тәжірибе алмасуға мүмкіндік туады. Елбасы кітапханасында осындай шараларды өткізу тәжірибесінің тереңінде мұғалімдердің өзін-өзі кәсіби кемелдендіруіне жағдай жасау көзделген. Кәсіби кемелденген педагогтердің оқушыны білім ортасына бейімдеу жобасына дайындық тәжірибесі, сондай-ақ жұмыс барысында шығармашылық педагогикалық қызметтің жеке стилі қалыптасады.

 Елбасы кітапханасының «Музей және балалар» (ең кішкентайларға арналған жолкөрсеткіш әліпбиі) ғылыми-ағартушылық жобасын ғылыми қызметкер Саягүл Жақыпова таныстырды:

– «Музей және балалар» жобасының мақсаты Қазақстан тәуелсіздігінің қалыптасу тарихының елеулі оқиғалары арқылы әліпбиді үйрету. Музей әліпбиінің ерекшелігі сол – мұндағы танымдық материалдар өз бетінше үйренуге арналған. Бүлдіршіндер өлең түрінде берілген тапсырмаларды орындай отырып, Елбасы кітапханасының қорындағы фотосуреттермен, жәдігерлермен танысу арқылы нышандарды зерттеп, жұмбақтарды шешеді және қазақстандық мемлекеттіліктің қалыптасуындағы Н. Ә. Назарбаевтың рөлі туралы алғашқы білімдерін бекітеді. Жоба Астана қаласы балабақшаларының бүлдіршіндеріне арналған «Менің шежірем – біздің еліміздің шежіресінің бір бөлшегі» көшпелі сабақтары түрінде жүзеге асырылуда.

Шеберлік сыныбының қатысушыларына жастардың мәдени әлеуетін қалыптастыру саласында ғылыми-педагогикалық және оқу-тәрбие үдерісіне жаңа білім үлгісін енгізудің әдістері мен технологиясын таңдауда көмек көрсетілді.

Тәжірибелік бөлімде Кітапхана жанындағы Педагогтер кеңесінің мүшесі № 60 мектеп-лицейінің мұғалімі Алтыншаш Хамитова «Біз өз еліміздің патриотымыз» авторлық сабағын ұсынды. Елорда мектептерінің мұғалімдері Шынар Қасенова, Гүлзира Меңдеспаева «Елбасының «Жылдар мен ойлар» еңбегін талдау» сабағын өткізді.

Шеберлік сыныбының белсенді қатысушысы № 54 мектеп-лицейінің мұғалімі Ұлдай Бабиева іс-шараның жоғары тәжірибелік маңызын атап өтті:

– Шеберлік сыныбының барлық қатысушылары бүгінгі алған теориялық білім мен тәжірибелерін оқу және оқудан тыс білім берудің барлық деңгейіне жан-жақты қолданатынына сенімдімін.

Шеберлік сыныбынан кейін ұсыныстар қабылданып, қатысушыларға сертификаттар табыс етілді.