МӘДЕНИ МҰРА – ПАТРИОТИЗМНІҢ НЕГІЗІ

Ғылыми-білім беру бағдарламасын жүзеге асыру аясында Нұрсұлтан қаласындағы №10 орта мектеп оқушыларына «Қазақстанның тарихи-мәдени ескерткіштері» тақырыбында онлайн-дәріс өткізілді.

Елбасы Н.Ә. Назарбаев атап өткендей, «мәдени мұраны меңгеру – халықтың тарихи жадының негізі, онсыз шынайы патриотизм болмайды. Тарихи жадысыздық инерциясын еңсеру әсіресе, өскелең ұрпақ тәрбиесі үшін маңызды».

Осы мәнмәтіндегі дәріс еліміздің ұлттық-мәдени игілігі болып табылатын тарихи, ғылыми, сәулеттік, көркемдік және мемориалдық құндылығы бар Қазақстанның тарихи-мәдени ескерткіштеріне арналды.

Лектор, Елбасы кітапханасының Әлеуметтік-ағартушылық және білім беру жобалар қызметінің қызметкері Гүлмира Атабаева тыңдаушыларға отандық ескерткіштер үлгісінде тарихи-мәдени мұраның маңызы туралы айтып, олардың түрлеріне анықтама берді. Сондай-ақ Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстанның тарихи көрікті жерлерін сақтау және танымал ету жөніндегі бастамаларының өзектілігін атап өтті. Ол Қазақстанда тіркелген 25 мың ескерткіштің арасында ортағасырлық, шығыс сәулет өнерінің нағыз жауһары – мыңжылдық тарихы бар алғашқы қауым адамдарының тұрақтары мен қалалары барын баяндады.

 

Біздің еліміз әлемдік асыл қазынаға енген тарихи-мәдени құндылықтардың иесі болып табылады, әрі саналауандылығы бойынша әлемнің көптеген мемлекеттерінен кем түспейді. Мұны Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев «Ұлытау – 2019» халықаралық туристік форумында ерекше атап өтті: «Ежелгі өркениеттер мен ірі көлік қатынасының күре жолында орналасқан Қазақстан ғасырлар бойы Еуразия құрлығының аса маңызды мәдени-тарихи және рухани орталықтарының бірі болып қала береді».