29 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасына Вице-спикер Марта Матрай және Мажарстан Ұлттық кеңесінің сыртқы істер департаментінің басшысы Лайош Кохари бастаған мажарстандық парламенттік делегациясы келді.

Шетелдік қонақтар Тәуелсіз Қазақстанның 30 жылдық тарихымен, оның Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың өмірбаянымен, еңбек жолымен танысты.

Делегация мүшелері музей қоры жинағының бірегейлігін және озық экспозициялық технологияларды атап өтті. Экскурсияға қатысушылар Елбасына тарту етілген шет мемлекеттердің жоғары мемлекеттік марапаттарының топтамаларына баса назар аударды. Оның қатарында «Алқалы үлкен крест» ордені бар. Мажарстан Республикасының жоғары марапаты 2007 жылы Будапеште Елбасыға Мажарстан Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы қатынастарды тереңдету мен дамыту жолында атқарған орасан зор үлесі үшін берілген.
