ӘЛЕМДІК ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ ДІНДЕР ЛИДЕРЛЕРІ СЪЕЗІ XVIII ХАТШЫЛЫҒЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ МУЗЕЙІНДЕ БОЛДЫ

Нұр-Сұлтан қаласында өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі XVIII хатшылығы отырысына қатысушылардың бір бөлігі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының музейінде болды. Мәртебелі қонақтардың арасында Қытай буддистер Қауымдастығы бас хатшысының орынбасары Ши Чунвэн, Қытай буддистер Қауымдастығы халықаралық бөлім басшысының орынбасары Ван Ли, Қытайдың даоисттік Зерттеу институты басқармасы бастығының орынбасары Инь Минфан, будда храмының басшысы Хуань Джэньсянь бар.

    

Музейдегі залдар мен экспозицияларды аралаған шетелдік келушілер  Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың қызметі мен тәуелсіз Қазақстанның даму жолы туралы толыққанды ақпарат алды. Қазақстан мен Қытай арасындағы екіжақты ынтымақтастықты айқындайтын экспонаттар, сондай-ақ, Қазақстан астанасында әрбір үш жыл сайын өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлер съезінің қатысушылары тарту еткен сыйлықтар қонақтардың ерекше қызығушылығын тудырды.  

Экскурсия барысында меймандар Елбасының конфессияаралық ашық диалог құру идеясын қолдайтындықтарын, Қазақстанның Тұңғыш Президентінің стратегиялық бастамасының маңыздылығы мен көрегенділігін атап өтті.

Қонақтар мәртебелі меймандар кітабына жылы лебіздерін жазып қалдырды.