ӘЛЕМДІК ОЛИМПИАДАЛЫҚ ҚОЗҒАЛЫСТЫҢ КӨШБАСШЫЛАРЫ ЕЛБАСЫНЫҢ КІТАПХАНАСЫНА АТ БАСЫН БҰРДЫ

Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитетінің 25 жылдығына арналған салтанатты шараға қатысу үшін Астанаға әлемдік Олимпиадалық қозғалыстың көшбасшылары және Ресей, Швейцария, Венгрия, Латвия, Грузия, Германия, Иран, Уругвай, Ауғанстан тәрізді 15 Ұлттық Олимпиадалық комитеттердің өкілдері келді.

 

 

Мәртебелі қонақтар Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының музейіне ат басын бұрды. Олар ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінің 25 жылдығына орай ашылған экспозициямен жан-жақты танысты. «Олимпиадалық қозғалыс» көрмесі қазақстандық спортты дамытуға және мен салауатты өмір салтын қолдауға бағытталған мемлекеттік саясаттың серпінді нәтижелерін паш етеді. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының жинағында Н. Ә. Назарбаевқа әлемдік және ұлттық олимпиадалық қозғалысты дамытуға сіңірген үлесін тану үшін берілген марапаттар топтамасы бар екені баршаға мәлім.

 

 

 

Беделді қонақтар қатарында Азия Олимпиадалық Кеңесінің (АОК) және Ұлттық Олимпиадалық комитетінің дүниежүзілік қауымдастығының (ҰОКА) басшысы Шейх Ахмад Әл-Фахад Әл-Сабах, халықаралық спорт федерациясының президенттері –  Хулио Сезар Маглионе  (Жүзу халықаралық федерациясы, FINA), Клаус Шорман (Заманауи бессайыс халықаралық кеңесі, UIPM), Тамаш Аян (Ауыр атлетика халықаралық федерациясы, IWF), әлемдік спорт жұлдыздары, қазақстандық чемпиондар және Олимпиада ойындарының жүлдегерлері бар.

Делегацияны ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінің вице-президенті Андрей Крюков бастап келді.