«Әлемді өзгертетін идеялар» жобасы жалғасын тапты

Ағымдағы жылдың 22 қаңтарында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының ұйымдастыруымен өткен екікүндік семинарға қатысқан Астана және Алматы қалалары мектептерінің 53 оқушысына сертификат пен естелік сыйлық табыс етілді. Бұл іс-шара өткен жылдың қазан айында бастау алған «Әлемді өзгертетін идеялар» атты әлеуметтік жобаның жалғасы болып табылады. 

0U3A5524

Талантты жастар алдында құттықтау сөз сөйлеген Кітапхананың атқарушы директоры Б.Қ. Жұмабеков бұл семинар жастардың маңсаптық өсуі мен жемісті болашаққа жасаған алғашқы қадамдарының бірі екенін атап өтті.

- «Әлемді өзгертетін идеялар» жобасын іске асыру өткен жылы басталған болатын. Бұл жұмыстың оң нәтижелері бар. Биылғы жылы осы жоба мамыр айына дейін жалғасады, оған қатысатын жастар саны да арта түседі. Бұл – біздің пікірлес достарымыздың қатары көбейеді деген сөз. Қазіргі тәуелсіз Қазақстан – күшті және беделді мемлекет, ал сендер, бүгінгі жас қазақстандықтар егеменді еліміздің жарқын болашағы және зор тірегісіңдер»

Семинар-тренингке қатысқандар оқу озаттары, мектеп пен туған өңірінің қоғамдық өміріне белсенді қатысатын патриот жастар болды.  

0U3A5597

Екікүндік семинар барысында жас көшбасшылар бес институционалдық реформа жөніндегі Ұлт жоспары – «100 нақты қадам» туралы мазмұнды дәріс тыңдады, практикалық тапсырмаларды орындады, Кітапхана жұмысымен танысты, Елбасы өмірі мен қызметі туралы экспозициялық көрме және «Әлем қадірлеген Елбасы» атты ел Президентінің жоғары наградалары көрмесін аралап тамашалады.

Семинардың қорытынды бөлімінде Алматы мен Астана қалаларының мектеп оқушыларын басқарып келген мұғалімдер мен білім беру басқармасы қызметкерлері де сертификат және естелік сыйлықпен марапатталды.  

0U3A5813

Фото есеп MD-camera-photo-alt-2