«Әлемді өзгертетін идеялар» семинар-тренингі: 2016 жылдың бірінші тоқсан қорытындысы

Елбасы кітапханасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың тың идеялары мен жаһандық бастамаларын, Мемлекет басшысының бес институционалдық реформасын жүзеге асырудың «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын оқыту және зерттеудің кешенді білім беру курсы жобасына қатысушыларға арналған «Әлемді өзгертетін идеялар» семинар-тренингтері жалғасын табуда. 

0U3A3776

Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында «Әлемді өзгертетін идеялар» жобасы шеңберінде еліміздің 14 ЖОО мен 2 колледждің барлығы - 357 студенті, 13 облыс пен Астана, Алматы қалалары мектептерінің барлығы – 463 оқушысы білім алды. 2015-2016 жж. семинар-тренинг басталғалы барлығы 1 608 адам аталған курсқа қатысты. Сонымен қатар, семинарға қатысушылар Кітапхана жанындағы «Кемел Ел» мәдени-білім беру жұмысы және жастарды тәрбиелеу орталығының мүшелері қатарын толықтырды.

0U3A1879

 

Аталған семинар бағдарламасында – лекциялар, практикалық сабақтар, инновациялық білім беру үстелдерімен жұмыс, көрмелер мен Кітапхананың экспозициялық залына экскурсия, Астана қаласының көрікті жерлерімен танысу, танымал тұлғалармен кездесулер.  

Бірінші тоқсанда семинарға қатысушылар Юрий Пя, Қаржаубай Сартқожаұлы, Альберт Рау, Мұрат Әбенов, Өлмесхан Болатбеков, Оразақ Смағұлов, Дамель Мектепбаевамен және көптеген мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғалымдарымен кездесу кештеріне қатысты.  

0U3A34788