«Әлемді өзгертетін идеялар»: индустрияландыру игілігі

Равиль Мұзар – болашақ инженер-технолог. Белсенді жас индустрияландыру дәуірінде техникалық кәсіптерге сұраныс күшейетінін түйсінеді. Талап үдесінен шығу үшін білім көкжиегін кеңейтіп, кәсіби маман атану қажет. Студент қосымша кітаптарды парақтайды, семинарлар мен тренингтерге қатысады.

0U3A0174

- Елбасы кітапханасындағы «Әлемді өзгертетін идеялар» дәрістері тағылымды әрі мазмұнды өтті. Елімізде қолға алынған реформалармен жан-жақты таныстық. Менің қызығушылығымды инновациялық индустрияландыру бағытындағы жаңашылдықтар оятты. Бүгінде Мемлекет басшымыздың бастамасымен жаңа өндірістер ашылуда. Олар отандық өнімді өндіріп, еліміздің экономикасын дамытуға үлес қосып отыр. Мен де болашақта аталмыш кәсіпорындардың бірінде қазақстандық мазмұндағы тауарлардың қатарын көбейтуге үлес қосамын деген үміттемін, - дейді Атырау инженерлік-гуманитарлық институттың 2-курс студенті.

Шикізаттық бағыттан өнімдерді өңдеуге бет бұру. Оған Ұлт жоспарының «Индустрияландыру және экономикалық өсім» тарауындағы қадамдар қолғабыс етпек. Соны технологиялардың арқасында қайта өңдеу саласы кеңінен қанат жаймақ. Оған сәйкес ғылымды қажет ететін экономиканың негізі ретінде екі инновациялық кластерді дамыту көзделген. Еліміздің әлеуетін арттырып, халықтың әл-ауқатын жақсартатын қадамдарды Ақмарал Өтеулиева жан-жақты зерделеген.

0U3A0202

 

- Елбасымыздың барлық бастамалары еліміздің, халықтың мүддесі үшін қолға алынып отыр. Оның арқасында жастар үшін ұсынылған мүмкіндіктер аясы кең. Өзімізді жан-жақты дамытуға, шетелде де білім алуға мүмкіндік бар. «Ынта болса адамда, қиын іс жоқ ғаламда» демекші, тек ниет қажет. Әрбір адамның қаржылық сауаттылығы жоғары болуы тиіс деген оймен болашақ кәсібімді айқындадым. Келесі жылы оқуымды тәмамдап, еліме пайдамды тигізсем деймін, - деп өзінің ойымен Алматы экономика және статистика академиясының 4 курс студенті.

Бұл жолы Елбасы кітапханасында дәстүрлі семинарда алматылық және атыраулық студенттер бас қосты. Жаңа білімге қанығып, рухани орданың құнды жәдігерлерімен танысқан жастарға сертификаттар табысталды.

0U3A01877