Бүгін Елбасы кітапханасының музейіне экскурсияға Қызылорда облысынан балалар келді. Жалағаш ауданының 4-9 сынып оқушыларынан құралған 29 жасөспірім елордаға екі күндік экскурсиялық бағдарламамен келді. ТұңғышПрезидент кітапханасын аралау – басты бағыттың бірі болған.

Инсталляциялар, 3D-форматтағы голографиялық композициялар, электрондық карталар, мэппинг-шоу, touch-мониторлар, медиа-үстелдер және т.б. орнатылған музейэкспозициялары жас экскурсанттарға ерекше әсер етті.

Жәдігерлердің интерактивтілігі оларға тарих пен сәулеттің дербес зерттеушілері болуға, еліміздің өткен маңызды оқиғаларына терең бойлауға мүмкіндік берді.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың жоғары мемлекеттік және қоғамдық наградалары мен қару-жарақ пен әскери жабдықтардың бірегей топтамасыұсынылған «Даңқ галереясы» залы жас өспірімдердің қызығушылығын арттырды. Бұл жәдігерлерді әр жылдары мемлекет және ұйым басшылары, шетелдік әрі Қазақстан халқының өкілдері Елбасына сыйға тартқан.
Оған қоса, делегация корей суретшісі Ли Инамның «Signal of Light» атты сандық өнер туындыларының уақытша көрмесін тамашалады.

– Бүгін Елбасы кітапханасында Елбасыныңбалалық шағы мен жастық шағы, оның еңбек және саяси қызметі, Тұңғыш Президентіміздің жолы туралы көптеген ақпарат алдық. Архивтік құжаттар мен фотосуреттер және басқа да жәдігерлерменұсынылған бұл ақпарат пен көрнекі құралдар өскелең ұрпақтар үшін үлгі боларлық өте пайдалы дүниелер деп ойлаймын. Бұл олардың жақсы оқып, көздеген мақсаттарына жетуге жақсы мотивация болуы мүмкін, – деп ой бөлісті топ жетекшісі, педагог Айдана Әбілда.