ҚЫРҒЫЗСТАН ПРЕЗИДЕНТІ САДЫР ЖАПАРОВ ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНА КЕЛДІ

2 наурызда Қазақстанға ресми сапары аясында Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының жаңа ғимаратына келді.

Елбасы кітапханасын аралау барысында Садыр Жапаров Қазақстанның Тәуелсіздік тарихы мен Елбасының тыныс-тіршілігі туралы экспозициялармен танысып, көрме кешенінің мазмұнына, оның ақпараттық және технологиялық жабдықталуына жоғары баға берді.

Қырғызстан Президенті мемлекеттің қазіргі қарқынды дамуындағы Қазақстанның Тұңғыш Президентінің орасан зор рөлін және қазақстандықтардың болашақ ұрпағы үшін Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың саяси мұрасының жоғары құндылығын атап өтті. 

Садыр Жапаров Елбасы кітапханасына қырғыз шеберлерінің жоғары шеберлік үлгісі – шырдақ деп аталатын таза киізден жасалған ұлттық кілем сыйлады. Өз кезегінде, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесінің басшысы Махмұд Қасымбеков Елбасы кітапханасына келген жоғары мәртебелі мейманға  «Көшбасшы жолы» кітабын табыс етті.