ҚЫМБАТТЫ ОТАНДАСТАР!

2022 жылдың 20 қарашасы еліміздің өміріндегі шын мәніндегі маңызды оқиға болды. 

Кезектен тыс Президент сайлауында Қ.К.Тоқаевтың кандидатурасын қолдап, Жаңа Қазақстанды құру жолындағы көлемді реформаларды іске асыратын белгілі бір белестен өттік.

Ендігі сатыда, еліміздің саяси тұрақтылығын, қарқынды экономикалық дамуын, азаматтарымыздың әл-ауқаты мен тұрмыс сапасын қамтамасыз етуге бағытталған қайта құру шараларын іске асыру үдерісіне қос білекті түріп, бір кісідей белсене атсалысуымыз қажет. 

Бірге болсақ – жеңіс қолда болмақ. Бірлік – жеңіске жетелейді!